ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Қосымша құн салығын субсидиялау

17:31, 27 шілде 2015

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар үшін жағымды жаңалық.

Келер жылдан бастап, өнім өндіруші кәсіпкерлерге есептелген қосымша құн салығы мемлекет тарапынан субсидияланады. Бұл туралы өңірімізге арнайы іссапармен келген ҚР ауылшаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев облыс кәсіпкерлерімен кездесуінде мәлімдеді.

Вице-министр Көшербаев өңір кәсіпкерлерін бір қуантып тастады. Еске салсақ, былтырғы қарашада мемлекет басшысы өңдеу кәсіпорындарындағы  қосымша құн салығына кететін шығын жайын сөз етіп, бірқатар өзгеріс енгізген болатын. Бүгінгі басқосуда заңдағы осы талап бүге-шігесіне дейін талқыланды.

Ермек Көшербаев, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі:

Субсидия алудың шарттары есептелген шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасы мөлшерінде өтінім береді. Дауындаушы ұйымның ауыл шаруашылығы өнімін өткізуден түскен кіріс жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын құрауы тиіс...

Министрлік өз кезегінде дайындаушы ұйымдарға есептелген ҚҚС шегінде бюджетке төленген осы соманы субсидиялау қағидаларын әзірлеп, бекітті. Алайда, мемлекет қолдауына ие болу үшін кәсіпкерлік обьектісінің жылдық табысы кемінде 90 пайыздан жоғары болуы тиіс. Тағы бір айта кетерлігі, субсидияға алу үшін дайындаушы ұйымдар  жергілікті атқарушы органдарда аккредиттеуден өтулері қажет.

Нұрпапа Көбеев,  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

Бізде бүгінде оңтүстікте 14 СТК тіркелген. Олар бұл жаңалықты жатсынбай қуана қабылдап жатыр. Ендігі әрекет тек ірі кәсіпорныдарды шоғырландырып, бағдарлама аясында жұмыс істеу...

Сонымен, елдегі агроөнеркәсіптік кешен өкілдері мұндай жеңілдікке келер жылдан бастап, қол жеткізеді. Қазір түстікте ірі өңдеу кәсіпорындары мен бизнеске қызығушылығы барлар дайындаушы ұйымдарды құрып, қам-қарекет жасап жатыр. Ал, субсидияларды жергілікті атқарушы органдар төлейтін болады.

 

Гүлсанат ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...