ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ДСҰ - жаһандық экономикаға жолдама

18:00, 1 тамыз 2015

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік - жаһандық экономикаға жолдама.

Әрі отандық өндірушілеріміздің нарықтық аясын кеңейтіп, тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің кең ауқымына таңдау жасау мүмкіндігін ашады. Қазақстан алпауыт ұйымның 162-ші мүшесі.

Бұл ретте, кәсіпорындарымыз шетел нарықтарына шығуға дайын ба? Тұтынушылар ұйымға мүшеліктен қандай пайда табады? Әсіресе,  кәсіпкерлік субьектілері көптеп шоғырланған оңтүстік өңірінде өндіріс қарқыны қалай дамиды?

Қазір еліміз индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші кезеңіне аяқ басты. ДСҰ сынды үлкен ұйымға мүше болумен тұспа-тұс жүзеге асып жатқан бағдарлама көптеген кәсіпорындарға қан жүгіртті. Шымкенттегі бір ғана индустриалды аймақта - 72 жоба мақұлданып, оның 47-сі іске кірісіп кетті.

Мәселен: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, машина жасау, химия, фармацевтика салаларының салмағы артып келеді. Кешегі бизнес жоспарын бүгінде белді кәсіпорынға айналдырып отырған кәсіпкерлер енді әлем елдері нарығын бағындыруға бекініп отыр.

Біздің өңірде соңғы бес жыл ішінде өндіріс шындығында өркендеді. Көптеген жаңа жұмыс орындары ашылып, Жұмакүл Мамекова сынды жастарға жаңа биіктерді бағындыруға жол ашылды. Ол макарон өнімдерін шығаратын зауыттың кондитерлік бөлімінде еңбек етеді. Тапсырысы тұрақты өндіріс ошағы өнімдері әлемдік нарыққа жол тартады, - деп қуануда. Бұл дегеніңіз- табыс көлемінің артуы.

Жақын күндері ОҚО орталығында көпке белгілі джинсы матасы өндірілетін болады. Жергілікті кәсіпкерлер бұл жобаны пәкістандық «ДИНИМ» компаниясымен бірлесіп қолға алмақ. Сингапурдың инвестициялық компаниясы да қазақстандық тоқыма өнеркәсібін жандандыруға ниетті. Үлкен ұйымға мүшелік бұл кәсіпорындардың барлығына жаһандық экономикаға жолдама болмақ.

 

Гүлсара ТҰРАРБЕК 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...