ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ДСҰ - қызу бәсекелестіктің кепілі

18:17, 3 тамыз 2015

Әлемнің 160-тан астам алып елдерін қанатының астына алған Дүниежүзілік сауда ұйымына ену үшін біздің ел 1996 жылдан бері әрекет жасады.

Нәтиже көңіл куантты, куәміз. Енді отандық кәсіпкерлер ұйым нормаларын орындау арқылы ісін ілгерілетпек. Бәсекелестікке төтеп беретін тауар өндіруді әлден бастап кетті.  

Тәулігіне 3 мың шаршы метр кілем тоқитын «Назар текстиль» зауытының өкілдері ДСҰ-на енгелі қарқынды жұмыс жоспарын бекітті. «Кілемнің сапалы болуы жібіне байланысты», -дейді кәсіпорын басшылығы.  Өндіріс орны оны Бангладеш және Түркия елінен сатып алады. Фабрика әзірге ішкі нарықтың сұранысын ғана қанағаттырып отыр. Қазақстандық кілемге Ресей мен Қырғыз елі сияқты көршілер де қызығуда.

Бүгінде Қазақстанның  сыртқы сауда көлемі 120 млрд. доллар деңгейіне шықты. Сауда айналымының 90 пайыздан астамы ДСҰ-на мүше елдерге тиесілі. Ел нарығындағы ғаламдық өзгеріске өзге елдің өкілдері де қуанып отыр. Солардың бірі - 3 айдан бері Шымкенттегі индустриалды аймақта құрылыс материалдарын шығарып жатқан «Л-Тур-Каз» компаниясы. 

Дүниежүзілік сауда ұйымы – ең алдымен, бәсекелестіктің кепілі. Ал, бәсеке бар жерде сапа бар. Ел кәсіпкерлерінің ендігі міндеті – сапалы тауар өндіріп, сауда айналымының аясын кеңейту. Бұл - заман талабы.

 

Гүлсанат ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...