ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Индустрияландыру бойынша оңтүстік облыс 1-ші орында!

15:13, 4 тамыз 2015

Елбасымыздың Үдемелі инновациялық индустриалды даму бағдарламасын орындау барысы облысымызда ойдағыдай деңгейде.

2010 жылдан бүгінгі күнге дейін облысымызда  жалпы аумағы 1431 гектарды құрайтын 19 индустриалды аймақ ашылды. Онда 148 жоба жүзеге асып, 16 мыңға жуық жаңа жұмыс орыны ашылды. Бұл көрсеткіш бойынша біздің облысымыз республикада бірінші орында.

Облысымызда  алғашқы индустриалды аймақ бұрынғы фосфор аумағында құрылды. Онда жалпы құны 77 миллиард 200 миллион теңгені құрайтын 73 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Нәтижесінде 6754 жаңа жұмыс орыны ашылды.

Мұхтар Тұрабеков, «Оңтүстік индустриалды аймағы» ЖШС директоры:

2010 жылдан бастап «Оңтүстік» индустриалды аймағында кәсіпкерлер өндірген тауарлардың жалпы құны 48 миллиард 540 миллион теңгені құрады.ал өнім өндіру үшін тауарлар мен қызметтерді сатып алу құны 22 млрд теңгеге жетті және 10 миллиард 570 миллион теңге жалақы төленді.  

2014 жылы Оңтүстік индустриалды аймағындағы кәсіпкерлер қазынаға 1 миллиард 375 миллион теңге салық төлеген.  Аудандар мен қалаларда индустриалды аймақтарға 1094 гектар жер бөлінді.  Қазір әрбір ауданда осындай аймақ бар. Үйлестірушілер, санға емес сапаға көңіл бөлудеміз, кәсіпкерлердің өндірісті ұлғайтуына да қолдан келген көмекті аямаймыз,- дейді..

Облысымыздың мүмкіншілігі мұнымен де шектелмек емес. Бүгінге дейін осы салаға 177 миллиард теңге инвестиция тартылған болса,осы қаражат 2017 жылға дейін толықтай өтеледі екен.  Алдағы екі жылда құны 56 миллиард теңгені құрыйтын 17 жоба іске қосылмақ. Сонда тағы да 3094 жаңа жұмыс орыны ашылады деп күтілуде. 

 

Нұрмахан КЕНЖЕХАН 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...