ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Шұбат пен қымыз өңдейтін зауыттың іргетасы қаланды

14:00, 17 қаңтар 2017

Бұйыртса,оңтүстіктің өнімдері шетел нарығына жол тартпақ. Түркістанда жылына 33 мың тонна қымыз бен шұбат өңдейтінзауыттың іргетасы қаланды. Бұл жобаЕлбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында іске аспақ. Ондағы 60-шы бағытта сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту міндеті қойылған.

Бұл зауыт өңірдің сүт дайындау мүмкіндігін кеңейтеді. Толық қуаттылығына енгенде тәулігіне 100 тонна, ал, жылына 33 мың тонна сүт өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорынға қазір 5,5 гектар жер телімі бөлінген. Қажетті инфрақұрылым мемлекет есебінен жүргізіледі.  

 

Әліпбек Өсербаев-Түркістан қаласының әкімі

Басты мақсат – Түркістанды 3 бағытта дамыту. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм саласы. Бөлінген инвестициялық қаржының 41%-ын ауыл аруашылығы, 14%-ын өнеркәсіп, қалғанын туризм саласы құрап отыр. Сондай-ақ, зауытты Түркістан қаласының орталығына, сумен, газбен, жарықпе қамтылған жерге орналастырғалы отырмыз. Қала тұрғындарын да жұмыспен қамту мәселесі шешіледі деген үміт бар.

 

Жобаның алғашқы кезеңінде 170 адам жұмыспен қамтылмақ.  Олар негізгі істен бөлек, 1 литр шұбаттан 87 грамм ұнтақ алмақшы. Ол 42 түйір  таблеткаға сәйкес. Қайта өңделген өнімнің құнары мен дәмі сол қалпында сақталады.

Осы орайда облыс әкімі Жансейіт Түймебаев таяуда аталған жобаға қаржы салатын «Golden Cemal Group LTD»компаниясының құрылтайшысы Янг Цимен кездесіп, маңызды жоспарды талқылады. Инвесторлармен  зауыттың құрылысын бастау жөнінде ортақ шешімге келді.

 

Гүлмира Оңласбек 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар