ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Түрік компаниялары өңірімізге қаржы құюға ниетті

19:06, 17 қаңтар 2017

Түрік компаниялары өңірімізге инвестиция құюға ниет білдіріп отыр. Олар құрылыс саласы және өзге де өнеркәсіпке қаржы бағыттап, шаһарымыздың көркеюіне үлес қоспақшы. Делегацияны облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қабылдады.

Шетелдік кәсіпкерлер бұл жолғы сапарында өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысады.  «AKAY  CONTRUCTION INC» компаниясының басшы құрамы кездесу барысында бірлескен жобалар құру жайын талқылады. Аталмыш компания  тұрғынүй құрылысын  жүргізумен айналысады. Сондықтан  түркиялық кәсіпкерлер қаламыздағы «Shymkent City» кешенінің құрылысына қызығушылық танытып отыр. Келіссөздер жүзеге асса,  шетелдік  компания  сапалы және  бағасы қолжетімді тұрғынүй соғатын болады.  Сапар барысында делегаттар «Оңтүстік» индустриалды аймағында болып, басқарушы компания қарамағындағы «Қазақ-түрік» индустриалды аймағының жұмысымен танысты. Бұл бағытта да бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар