ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Түркістанда құс шаруашылығы дамып келеді

14:52, 7 шілде 2016

Киелі шаһар Түркістанда мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатқан кәсіпорындар күн санап көбеюде.

Жеке кәсіпкерлікті қолға алған шаруалардың бұл орайда ісі ілгері басқан.  «Яссы құс» шаруа қожалығы өндірген жұмыртқа бүгінгі таңда жергілікті нарықта жоғары сұранысқа ие.

 «Яссы құс» шаруа қожалығының ашылғанына небары алты ай. Мұнда 50 000-ға жуық тауық ұстайды. «Ломан лс классик» тауығы мен бройлер балапандарын өсіруді қолға алған кәсіпорын заманауи құрылғылармен жабдықталған. Тәуліктік балапандарды 6 ай мерзімінде өсіріп, міне қазір, олардан балғын жұмыртқа алып отыр.

Хайдар Минкабилов, технолог;

«Яссы құс» шаруашылығы өз жұмысын ағымдағы жылдың ақпан айында бастады. Біз бір тәуліктік балапандарды 130-135 күн бағып өсірдік.Қазір күніне 3000-5000 дана жұмыртқа алудамыз. Бұл бастамасы ғана. 1 -2 ай көлемінде күніне 20 000 жұмыртқа аламыз деген ойдамыз.

Тауықтардың күтімі айрықша. Жем-су ретінде күніне 4 мәрте отандық өнімдер беріледі. Егер өздерін жайсыз сезіне бастаса, жұмыртқа саны күрт азайып кетуі мүмкін. Сондықтан жабық режимде ұсталады, - дейді кәсіпорын қызметкері.

Шаукат Шәкірбаев, қызметкер;

Тапсырыстар Түркістан, Кентау қалалары мен жергілікті ауыл-аймақтардан келіп жатыр. Біз жұмыртқаларды жинап алып, тоңазытқышта ұстаймыз. Қазір 1 жұмыртқа 40-50г құрайды. Ол 70-80граммға дейін ұлғаяды.

Мырзақұловтар шаңырағы бұрынғы ата-кәсібі – мал шаруашылығының орнына австралиялық түйеқұстарды асырауды жөн көрген. Алматыдан арнайы алдыртылған балапандар тағы 1 жылда жұмыртқалап, табысты еселейді. Оған дейін мықты күтімі қажет.

Нәлпан Мырзақұлов, жеке кәсіпкер;

Күтімі енді бұған қарау керек, тамағын беру керек. Жоңышқа, бидай, жүгері, алма тағы басқаларын береміз. Бұған сұраныс жоқ. Бірақ келешекте көбейіп жатса, сұраныс болатын шығар деп ойлаймын.

Әлеуметтік-экономикасы ілгері басқан логистикалық қалада болашақта қосымша  үлкен кәсіпорындар  ашылады. Сондықтан, Түркістан түлейтін кез алда!

Азамат ЖАББАРОВ

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
13:52, 17 қыркүйек 2021
ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
13:46, 17 қыркүйек 2021
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...