ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Үнемделген қаржы әлеуметтік салаға бағытталмақ

17:34, 29 наурыз 2017

Облысымызда биылдыққа әлеуметтік сала бойынша қанша нысан салынады? Республикадан бөлінген қаржы - 6 млрд. теңге қай бағытта игеріледі? Бұл сауалдардың жауабы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларында талқыға түсті

Облыс бюджетіндегі кірістердің ұлғаюы мен мемлекеттік сатып алу бойынша үнемделген қаржылар біраз мәселені шешуге септігін тигізбек. Ол қаражат - 20 млрд. теңге шамасында. Нақты соманың 17,4 млрд. теңгесі -республикалық бюджеттен бөлінген қаржылар мен кредиттер есебінен жиналған. Ал, қалғаны - 2017 жылы облыс бюджетінің өзіндік кірістерін ұлғайту есебінен  қол жеткізілді.

Арман Сәбитов – Облыстық  экономика  және бюджетті  жоспарлау  басқармасының  басшысы

Қазығұрт ауданы «Болашақ» шағынауданындағы  2 екіқабатты 16 пәтерлі арендалық  коммуналдық  тұрғын  үйлер  құрылысын  бастауға және Шымкент қаласындағы 2 тұрғынүйдің құрылысын жалғастыруға 127,6 млн теңге қарастырылуда. Сонымен қатар тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі арқылы 57 үйдің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 649,8 млн теңге бағытталуда.

 

Коммуналдық шаруашылық саласына келер болсақ, Бәйдібек ауданы мен Шымкент қаласындағы көшелерді жарықтандыруға 550 млн. теңге жұмсалмақ. Шымкенттегі ішкі орамдық жылу жүйелерін жөндеуге 500 млн. теңге бағытталады. Электрмен қамтамасыз ету бойынша облысымызда 18 нысанның құрылысын жүргізуге 660 млн. теңге қарастырылды.

Арман Сәбитов – Облыстық  экономика  және бюджетті  жоспарлау  басқармасының  басшысы

Республикалық бюджет есебінен ауылдық елдімекендерде және шағын қалаларда микробизнесті ашу, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту, ауылшаруашылығы кооперативтерін ашуға 3 млрд 200 млн теңге кредит бағытталуда. Сүтті тауарлы фермаларды, етті бағыттағы ірі қара малды өсіруге арналған объектілерді құру немесе кеңейтуді, шаруа қожалықтарының техника мен жабдықты сатып алу шығындарын өтеуді субсидиялауға республикалық бюджеттен 2 млрд 814,8 млн теңге қарастырылуда.

Аталған мәселелер облыстық мәслихаттағы 5 тұрақты комиссияда үш күн бойы талқыға түсті. Нақты шешім ертең болатын сессияда айтылады.

НҰРМАХАН Кенжехан                                                

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
13:52, 17 қыркүйек 2021
ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
13:46, 17 қыркүйек 2021
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...