ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Зейнетақы мен жәрдемақы көбейеді

18:03, 27 қараша 2017

Келер жылдан бастап, елімізде зейнетақы мен жәрдемақы 16 пайызға өседі. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан тағайындалатын кейбір көмектер 6 пайызға артпақ. Бұл туралы өңірімізге арнайы іс-сапармен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице – министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Сапар барысында министр орынбасары өңірдегі «Өрлеу» бағдарламасының орындалу барысын бағамдады.

Вице-министр Светлана Жақыпованың айтуынша, жаңа-жылда жаңалық көп. Әсіресе, мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақылар 2018 жылдың басынан бастап, біріктіріледі. Ал, зейнеткерлікке шыққан азаматтар өздері жинақтаған қаржыны бірден ала алмайтын болды. Жаңа ережеге сәйкес, ол қаржы енді бөлініп беріледі.  

Ал, келер жылдың шілдесінен бастап, еліміздегі зейнетақы жүйесі қайта қаралады. Соған сәйкес, еңбек өтілі 30 жылдан асқан азаматтардың зейнетақысы артатын болады.

Ал, «Өрлеу» бағдарламасына келсек, ол келесі жылы да жалғасын табады. Өйткені, бағдарламаның биылғы баяны жаман емес. Тек Оңтүстіктің өзінде «Өрлеу» көмегімен 20 мыңдай отбасы шартты ақшалай көмек алып, оның 10 пайызы өз кәсібін ашқан. Нәтижесінде өңірде әлеуметтік көмек алушылар - 27, балалар жәрдемақысын алушылар қатары 7 пайызға азайған.

Оңтүстікте арнайы күтім мен қолдауға мұқтаж азаматтар үшін 10-нан астам орталық жұмыс істейді. Онда 2 мыңнан астам азамат өмір сүріп жатыр. Сапар барысында вице-министр сондай орталықтардың жұмысымен де танысты. Әлеуметтің әлсіз тобын оңалту бағытындағы шараларды нығайту қажеттігін шегелеп айтты.

МАҚСҰТ Жарылқасын              

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар