ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Жас кәсіпкерлерге 2 миллион теңге несие берілмек

19:45, 30 қараша 2017

Желтоқсан айында кәсіп бастағысы келетін жастарға 2 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Бұл бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың арнайы тапсырмасы бар. Игі бастаманы «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы... «Ырыс» микроқаржы ұйымының мүмкіндігін пайдалана отырып, іске асырады. 7 пайыздық несиеге қалай қол жеткізуге болады? Тиімді тұстары қайсы? Өңірлік коммуникациялар қызметінде сала мамандары айтып берді.

Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көп. Әсіресе, жас бизнесмендер үшін мүмкіндік зор. Елбасының тапсырмасы негізінде кәсіп бастағысы келетіндерге оңтайлы жобалар ұсынылуда. Соның бірі – «Жастарды қолдау».

Игі жобаның негізгі мақсаты – жастар арасында жұмыссыздықты жою. Тиімді деген жобаларды қолдау.

«Жас кәсіпкер» бағдарламасы байқау форматында өтеді. Желтоқсан айында ұйымдастырылатын конкурста 50 жоба іріктелмек. Үздіктерге «Ырыс» микроқаржы ұйымы 2 миллион теңгені 60 айға дейінгі мерзіммен 7 пайызбен ұсынады.  

Айтып өтейік, аталған қаржыға қол жеткізу үшін кепілдікке мүлік ұсынылады. Екі адам сенімді өкіл болуы тиіс. Байқауға кез-келген бизнес идеясы бар 18-29 жас аралығындағы түскейлік азаматтар қатыса алады. Ендеше іс басқару жөніндегі сертификатыңыз бен бизнес жоспарыңызды ұсыныңыз!

ПЕРИЗАТ Биназарқызы            

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
18:28, 1 ақпан 2018
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар