ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ БОЛЖАНҒАН ЕДӘУІР ТӨМЕН БОЛҒАН

18:28, 1 ақпан 2018

Облысымызда 2017 жылы жылдық инфляция 7,1 пайызды құрап, болжанған 7,7%-дан едәуір төмен болған. Жекелеген тауарлар мен қызмет нарығындағы бағаның тұрақтануы теңге құлдырауын баяулатқан. Ұлттық валютаның айырбастау бағамының төмен құбылмалдығы да жылдық инфляцияны тежеуге оң ықпал етті. Бұл туралы Қазақстан ұлттық банкінің облыстық филиал директоры Ануар Ботанбеков баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.

Инфляция. БАҚ өкілдерінің Ботанбеков мырзаға қояр басты сауалы осы. Себебі, әлеуметтің әлеуеті баға тұрақтылығына тікелей байланысты. Монополист кәсіпорындардың коммуналдық тарифтерді бақылауы да инфляция деңгейін сақтауға тегеурінді әсер етеді. Басқосуда банкир есепті мерзімдегі көрсеткіштерді саралады.

Ішкі жалпы өнім мен экспорттық әлеуетіміздің артуы да салыстырмалы өлшемдердің жақсаруына себепші болған. Айта кетейік, 2017 жылы ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 57 млрд. АҚШ долларын құраған. Ал, халықаралық резервтерді тұтастай алғанда, 88 млрд.-қа жеткен. Ел Үкіметінің үздіксіз бақылауы да корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды азайтып отыр.

Тәуелсіз еурооблигациялар мен бейрезиденттер тарапынан сұраныстың артуы мемлекеттік сектордың сыртқы борышын ұлғайтқан. Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноттары межелі міндетті бағындыруға әсер еткен. Жинақтау зейнетақы жүйесінің бірқалыпты қызметі де бұқара халыққа тиімді болып отыр.

C. Есімбеков

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
14:46, 30 шілде 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒА...
Толығырақ...
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
15:18, 10 қаңтар 2018
Ет экспортын ұлғайтуға тапсырма берді
Толығырақ...
Жас кәсіпкерлерге 2 миллион теңге несие берілмек
19:45, 30 қараша 2017
Жас кәсіпкерлерге 2 миллион теңге несие берілмек
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
13:52, 17 қыркүйек 2021
ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
13:46, 17 қыркүйек 2021
ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...