ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

300-ДЕН АСТАМ ШЕТЕЛ АЗАМАТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРГЕ ҚҰЖАТ ТАПСЫРДЫ

13:06, 24 шілде 2018

Биыл 300-ден астам шетел азаматы... қазақстандық жоғары оқу орындарында оқуға өтініш білдірген. Олардың дені... Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таңдаған.

Оған себеп – университет әлемдік рейтингіде жоғары мәртебеге ие.  Халықаралық қатынас тілі - ағылшын тілінде білім береді. Шетелдік серіктес университеттермен 70-тен астам қосдипломды бағдарламаны іске асырады. Алыс-жақын шетелдердің 150-ден астам талапкері осы университетке онлайн жүйесі арқылы тіркеліп, құжаттарын тапсырды. Олар растау алды. Ендігі кезекте жоғары оқу орнына қашықтықтан қабылдана алады. Қызметтің бұл түрін Бразилия, АҚШ, Франция, Германия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Түркия, Үндістан және тағы басқа мемлекеттердің азаматтары  қолданып үлгерді. Жалпы, жаңа оқу жылында Қазақстан университеттеріне 600 шетелдік студентті қабылдау күтілуде. Үлкен сұранысқа ие мамандықтардың қатарында: жалпы медицина, ақпараттық жүйелер, халықаралық қатынастар, менеджмент, биотехнология, қазақ және орыс тілдері филологиясы бар.

Нұрсұлтан ӘБДІРАШИТ                                                                 

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
17:09, 27 тамыз 2019
МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...