
Шымкентте 6 бірдей ІТ сынып ашылды. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті базасындағы орталықта 8 бен 16 жас аралығындағы балғындар ақысыз оқытылмақ. «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен ашылған орталыққа... бүгін облыс әкімі арнайы барып, жұмысымен етене танысты.
Компьютерлік сыныптар 8-16 жас аралығындағы 80 баланы оқытуға арналған. Жұмыс күндері мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақытында өткізіледі. Сенбіде дәріс күні бойы жалғасады. Сондықтан, балалар үшін университет асханасында тегін тамақтану қарастырылған. Дарынды жеткіншектерге арналған оқыту тереңдетілген бағдарлама бойынша жүргізіледі.
Ардақ Садықова – облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары
Биыл енді осы бойынша 3 ай мерзімінде 80 баланы оқытамыз. Бұл жерде 6 сынып ашып отырмыз. Ол - үлкен жұмыс.
«IT-SYNYP» компьютерлік орталықтары Wi-Fi аймақта орналасқан. Мульдимедиялық подиумдармен қамтамасыз етілген. НР-24 компьютерлік 80 моноблокпен, жоғары жылдамдықты интернетке қосылған Web-камералармен жабдықталған. Арнайы роботтар мен 3D принтері бар.
Рауан Бегалиева – Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры
Барлық мүмкіндікті пайдалана алады. Мәселен, қазір мұнда олар мультимедиялық бағдарламаларды жасауды үйренеді. Ол үшін мүмкіндік қарастырылған.
Айтып өтейік, бұл орталықта «Өз болашағыңды бағдарламала» жобасы жүзеге асырылмақ. Ол инновациялық тұрғыдан ойлайтын зияткер ұрпақты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сол арқылы сенімді деңгейде бағдарламалай алатын, алгоритмдер құра білетін мамандар дайындалады. Және веб-сайттар мен қосымшалар жасай алатын, роботтар құрастыра білетін оқушылар қатары қалыңдамақ.
П.Биназарқызы