ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

АУДИО ОҚУЛЫҚТАРМЕН ОҚЫТУ БАСТАЛДЫ

12:52, 16 мамыр 2018

Әлеуметтік желімен тел өскен балаларға... ұлттық құндылықтарды кітаппен емес, заманауи құралдармен ұғындыру оңай болмақ. Осы мақсатта Білім министрлігі орта білім беретін мекемелерде аудио оқулықтар арқылы өтетін сабақтарды күшейтуге кіріскен. Бастаманы алғашқылардың бірі болып, қаламыздағы №52 мектеп-лицейі қолға алды. Мұнда алғашқы электронды ұстаздар да пайда болды.

Бұл роботтарға әзірге қарапайым ғана дүниелер жүктелген. Олар ертегілер мен аңыз әңгімелерді баяндай алады. Десек те үш тілде еркін сөйлейтін техникалар балалардың ынтасын оятады, - дейді ұйымдастырушылар.

Гүлнәр Абуова – Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика академиясының доценті

Біздің еліміз көпұлтты мемлекет болғасын, рухани құндылықтарымызды түрлі тілге аударып, ұсыну - заңдылық. Осы арқылы ортақ құндылықтарымызды еліміздің жастарына тез сіңіруге болады. Үштілділіктің аясын кеңейту мақсатын ұлттық дүниетаныммен ұштастыру үшін  электронды аудио-жинақтың тиімділігі зор. Біз фармацевтикалық академия ұжымы осы 52-ші мектеппен бірлесе отырып, осы шараны ұйымдастырып отырмыз.

Жаңаша білім беретін құралдардағы... ертегілер тізімінде... белгілі ақын Құрал Көмектің «Мен - даланың ұлымын» атты дастаны да бар. Бұл  панорамалық поэмада қазақ тарихы өлеңмен өрнектелген. 

Құрал Көмек – Халықаралық «Физули» атындағы сыйлықтың иегері

Бұл ортақ құндылыққа менің панарамалық поэмам қосылып жатқанына қуаныштымын. Менің поэмамда қазақтың тарихы сонау Сақ дәуірінен бастау алады. Содан бері қарай қазақ елі жеке мемлекет болғанға дейінгі елеулі оқиғалар өлеңмен өрнектелген.

Тәрбие - тал бесіктен. Ұлттық құндылықтарымызды әрбір қазақстандық жастың бойына сіңіре білсек, болашағымыз баянды болмақ. Семинарға қатысушылар бала тәрбиесіндегі мәселелерді талқылады.  Мұғалімдер мен ақын-жазушылар бас қосқан жиын 8 пән бойынша ашық сабақтармен жалғасты.

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
17:09, 27 тамыз 2019
МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...