ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АРЫЛТУ «ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНМЕН» ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ

21:04, 11 маусым 2018

Білім саласындағы жемқорлық деректерін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы арқылы ауыздықтауға болады. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен селекторлық жиында осы мәселе кеңінен айтылды. Қазір өңірдегі барлық мектепте... білім беру жүйесін автоматтандыру, онлайн жүйеге көшіру пилоттық жобасы... іске асырылуда.

Өзекті мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков баяндама жасады. Салаға жауапты басшы... білім беру ісіндегі жаңашыл жобалардың тиімділігін екшеді. Педагог кадрларды және жұмысшы қызметкерлерді қабылдаудағы жариялылық ... онлайн режиммен ғана тікелей байланысты, - деді. Өңір басшысы өз кезегінде есептік мерзімде  жұмыс барысында сыбайлас-жемқорлық, құқықбұзушылық фактілеріне жол берген басшылар туралы деректі ашып айтты.

Сол себепті, педагогикалық кадрларды іріктеу, мектеп директорларын тағайындау конкурсын автоматтандырудың күн санап маңызы артып келеді. Жоба Республикада тұңығш болып, Шымкенттің білім беру жүйесінде тиімділігін дәлелдеді. Қазір миллиондар қаласының 129 мектебі осы жүйемен жұмыс істейді. Шаһарда 12 бос жұмыс орны белгілі. Аудандардағы 1029 білім ұясы да осыған ұқсас «ЖҰМЫС.СИТСЕН.КЗ» жүйесіне біртіндеп көшуде. Бұл жиын қатысушыларының пікірінше, білім саласын жаңа сатыға көшіреді. Педагогикалық ұжымның өзара дау қумай, нақты бала тәрбиесімен айналысуына мұрша береді. Әйтпесе, жасөспірімдер арасындағы қылмыс өршуде.

Білім саласындағы түйткілдерді түпкілікті шешу үшін жаңғыруға мән берген жөн. Басшыларды бұрынғысынша тамыр-таныспен таңдау, бұра тартуға жол беру... бәсекеге қабілеттілік салтанат құрған заманда қисынсыз һәм тиімсіз. Осылай деген өңір басшысы жауаптыларға қатаң ескерту жасады.

Түйін сөздің түбірі ретінде айтсақ. Қазір «Цифрлық Қазақстан» арқылы мектептердегі жемқорлық деректерінің алдын алу үшін 20-дан астам  семинар өткен. Оған 1874 жауапты маман қатысқан. Бірақ... теория жеткіліксіз. Тиімді жобаны тастүйін іске асыру үшін...заманауи жабдықталған кабинет, кеңжолақты шапшаң интернет, тәжірибелі ІТ маман қажет. Ендігі жұмыстар осы бағытта өрбімек. 

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
17:09, 27 тамыз 2019
МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...