
Отырарда «туған елге тағзым» дейтін азаматтар көп. Солардың бірі... ауылдағы қарашаңырағын... балалардың шаттық мекеніне айналдырып берді. Шәуілдірдің шеткі аумағында орналасқан бөбекжай... қазір жергілікті 100 баланы... мектепке дейінгі тәрбиемен қамтып отыр. Сауапты іс туралы Перизат Биназарқызы әңгімелейді.
«Ғалымның аты өшсе де, хаты өшпейді». Бұл теңеуді шәуілдірлік Келдібек Жабатаевқа айтуға болады. Ардақты азамат киелі Отырар жерінде талай жыл ұстаз болды. Көзі тірісінде шаңырағы... аздың емес, көптің ыстық ұясына айналуын армандады. Әке аманатын енді ұрпағы орындап отыр. Ұл-қыздары ауылдағы қарашаңырақты тәрбие талбесігі – балабақшаға айналдырды.
Балабақша құрылысына 80 миллион теңге қаржы бөлінген. Ашылғанына 2 жылға жуықтаған бөбекжайда жергілікті 20-дан астам азамат еңбек етуде. Қазір 4 топқа 100 бала топтасқан. Ата-аналардың қуанышында шек жоқ.
Айтып өтейік, қазір Отырар ауданында 26 мектепке дейінгі мекеме бар. Оның 6-уы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс істеуде.
П.Биназарқызы