ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

МАҚТАРАЛДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 8 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

12:54, 11 шілде 2018

Мақтаарал ауданында жаңа оқу жылында 8 білім ұясы ел игілігіне берілетін болады. Бұдан бөлек биыл 8 мектептің іргетасы қаланбақ. Сондай-ақ, ауданда 5 модулді медициналық тректің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы аудан әкімдігінде өткен жиында өңір басшысы Жамантай Бейсенбаев мәлім етті.

Жиын барысында аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Сансызбай Сейдалиев баяндама жасады. Оның айтуынша, 8 білім ошағындағы құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Биыл Жетісай қаласындағы 80 гектар аумақта 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы бастау алатын болады. Бұдан бөлек 4 қабатты 12 тұрғын үйдің барлық құжаттары облыстық құрылыс басқармасына өткізіліп қойған. 
Ауданның бас архитекторы Достық және Жамбыл ауылдық округі әкімдігінің жаңа ғимараттары  мен 5 модулді медициналық тректердің де құрылысы аяқталғалы жатқанын хабарлады. 
Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев жаңадан салынып жатқан мектептердің жылу жүйесін көмірден бөлек,  газға да қоса алатындай етіп жасауды тапсырды.  Өйткені 2020 жылға дейін аудан елді мекендері толықтай газбен қамтылатын болады. Сондай-ақ, аудан басшысы күрделі және орта жөндеуден өтіп жатқан мектептерге бақылауды күшейтуді тапсырды. "Балалар - біздің болашағымыз. Біз мектеп салуды тоқтатпауымыз керек. Жаңадан жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеп,  ескі мектептердің қатарын азайтуымыз керек",  - деді Жамантай Қанайұлы. 

 Ауданда 8 ауылдық округте мәдениет үйлері жоқ екенін тілге тиек еткен өңір басшысы соңғы жылдары мәдениет саласына аз көңіл бөлініп жатқандығын айтты. Мәдениет үйлерін салу үшін де жобалық-сметалық құжаттар әзірлеп,  салалық басқармаға ұсыну керектігін ескертті.

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
17:09, 27 тамыз 2019
МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...