ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ОҚУШЫЛАР ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ

16:54, 24 сәуір 2018

«Зорлық-зомбылықсыз Оңтүстік». Өңір басшысы көтерген бастама... Шардарада жалғасты. Ауқымды шарада ауданның бүкіл ұстаздары бас қосты. Ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге шақырды. Шараға аудан аумағынан мыңнан астам оқушы қатысты.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен жарияланған акцияны шардаралықтар қызу қолдады. Бала тәрбиесі басты назарда болды. Жиналғандар бос уақытты тиімді пайдалану қажеттігін сөз етті. Жас буын тәрбиесі бүкіл қоғамның тәрбиесі екенін  айтты. Тұрмыстық-зомбылық нені білдіретінін түсіндірді.

Көпбай Дәулетұлы - оқушы

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан шаралар көп. «Зорлық-зомбылыққа қарсы» іс-шаралардың ішінде салауатты өмір салтын ұстануда жүзеге асырылып отыр. Шардара қаласын алатын болсақ, дамыған спорт түрлеріне қол күресі, гир спорты жатады. Алдыңғы жылы осы №3 «Дарын» мектебін бітіріп кеткен Ердәулет Сарыбай, Дарын Әбдіғали сынды спортшылар үлкен жетістікке жетті. Мен Республика, Азия   чемпионатында жүлделі жетістіктерге жеттім.

Ұрпақ қамын ойлаған тәлімгерлер орталық Абай алаңында №12 мектеп оқушылары мен  5 балабақша бүлдіршіндері үшін де ауқымды шара өткізді. Акция «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» деп аталды.

Ақшагүл Бердалиева - Шардара аудандық білім бөлімінің басшысы

«Бұл зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясының қорытынды жиыны. Бұл әрі қарай жалғасын табады. Осы акцияның аясында 12 мыңнан астам оқушы қатысты. Бүгінгі шараға мыңнан астам оқушы қатысып  жатыр. Осындай акция нәтижесінде құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері мектеп оқушыларына түсіндіріліп, жұмыстар жүргізілуде.

Зорлық-зомбылыққа қарсы шара 41 үйірме жұмыс істейтін  оқушылар сарайында жалғасты. Мұнда да  көркем көріністер аз болған жоқ. Білім ұяларының ісмер оқушылары керемет қолөнер көрмесін көрсетті. Түрлі спорттық сайыстарда күш сынады.  

С.Құттыбайұлы                                    

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
17:09, 27 тамыз 2019
МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...