
«Үш тұғырлы тіл - уақыт талабы». Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің колледжінде өткен пәнаралық байқау осылай аталады. Игі шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өрбіді.
Шараның басты мақсаты пәндік салалардағы бәсекеге қабілеттіліктерін қалыптастыру және студенттердің тілдік пәндерді игеруге деген қызығушылығын арттыру. Шара барысында студенттер патриоттық сезімді оятатын флешмоб билеп, қазылар алқасын лирикалық әуендермен сусындатты. Қонақтар студенттердің ғылыми шығармашылық жұмыстары мен рухани жаңғыруға байланысты кітап көрмесін тамашалады. Олимпиаданың «полиглот» кезеңі бойынша қатысушылар орыс тіліндегі мақал-мәтелдерді қазақ және ағылшын тілдерінде айтып шықты. Сонымен қатар, сайыскерлер «Көшбасшы» деп аталатын бөлімде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қойылған сауалдарға жауап берді. Төрешілер сайыс қорытындысы бойынша өз пікірлерін айтып, байқауды жоғары бағалады. Енді бұл олимпиада келесі оқу жылының ақпан айында өткізіледі деп жоспарлануда.
Н.ШАХИМЕРГЕН