ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

РЕСПУБЛИКА ЖАСТАРЫ – ОТЫРАРДА

18:11, 18 сәуір 2018

Оңтүстік топырағында... республиканың белсенді жастары да арнайы жиын өткізді. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы... Жастар саясаты жөніндегі кеңестің... ХХI көшпелі отырысына қатысқан делегация... Отырар жеріне келіп, қаһарман қала тарихына қанық болды.

Отырар - тарихы тереңде жатқан шаһар. Оның Шыңғыс ханның қалың қолына алты ай төтеп беруі – өшпес ерліктің өнегесі. Қасиетті мекеннің  мемлекеттік-археологиялық қорық музейін аралап шыққан жастар патриотизм, киелі мекендер тарихы турасында терең толғам жасады. Ашық аспан астындағы Отырар төбе музейі де қазақ тарихының тамыры тереңде екенін аңғартады. Орта ғасырға ойша саяхаттағандар рухани діңгегі мықты ел ғана мәңгілік ұлт екенін айтты. Келген қонақтар мұсылман қауымы тәу ететін киелі Арыстанбаб кесенесіне зиярат етті. Аудан басшысы Ерлан Айтаханов тарихи екі нысанның абаттандыру жұмыстарының жоспарымен таныстырды.  Тарих қойнауында жатқан дүниелерді терең тану – қашанда жастардың таным көкжиегін арттырады, - деп топшылады. Елбасының рухани жаңғыру бастамасы ұлттық кодын, тарихын қасиет тұтқан ұрпақтың қатысуымен ғана іске асатынын айтты.

Республиканың белсенді жастары аудан тарихынан сыр шертетін кітаптарды сыйға алды. Қазақ өркениеті мен мәдениетінен хабар беретін қолөнер бұйымдарын иемденді.

М.ӘСЕМБЕК                                                   

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
17:09, 27 тамыз 2019
МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...