
Үш тілде білім беру – заман талабы. Болашақтың тізгінін ұстайтын жастарды шет тілдерін жетік білуге машықтау... ұстаз біліктілігімен іске асады. Осыны ескерген Түркістан қалалық Хамза атындағы №2 орта мектебінің ұжымы тәжірибе алмасу семинарын ұйымдастырды.
Түркістандағы Хамза мектебінің 100 жылдық тарихы бар. Осынау уақытта талай түлекті ұядан ұшырып, Қазақстандық білім іргесінің бекем болуына күш салды. Бүгінде оқу орнында 1600 оқушы оқиды. 145 ұстаз еңбек етеді. Оның 11-і - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Үш тұғырлы тіл саясатын қолдаған ұстаздар арнайы курстарда біліктілік жетілдірген. Енді олар өз тәжірибелерін өзге әріптестеріне үйретуде.
Замир Мұхамеджанов – Түркістан қалалық Хамза атындағы №2 орта мектептің директоры
Мақсатымыз - Елбасымыз айтқандай, Рухани жаңғыру мақаласында айтқандай, жастарға білім бере отырып, талапқа сай бейімдеу.
Облыстық семинарға аймақтың 15 білім ұясынан 30-ға жуық ұстаздар мен әдіскерлер қатысты. Бұл күні олар оқушының білімін бағалаудың қағидалары мен функционалды сауаттылығын арттыру бағытында тәжірибе алмасты.
Сәуле Әбетова – Облыстық білім басқармасының әдіскері
3 тілділікті дамыта отырып, баланың дамуын қалыптастыру. Оны бағалауды қолға алып отырмыз. Жиынтық бағалаудың қалай болатынын айтып, жеткізіп жатырмыз.
Баланы оқыту барысында оның білімін дұрыс бағалау – мұғалімнің шеберлігі. Дәл осы қасиетті жетілдіре отырып, біз болашақты қалыптастырамыз, - дейді ұстаздар. Сондықтан, балаларға үш тілді игерту үшін... білімге деген құштарлығын арттыру - маңызды қадам.
П.Биназарқызы