
Үштұғырлы тіл – бәсекеге қабілетті елдер қатарына баспалдақ. «Ұлттық білім берудің барлық буыны қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеруі тиіс»,-деген Елбасы тапсырмасы кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Ордабасы ауданындағы Балтабай Нұрлыбеков атындағы орта мектепте өткен облыстық семинар сөзіміздің айғағы.
Маңызды жиынға түскейдің түкпір-түкпірінен педагог мамандар қатысты. Ұстаздар шапшаң дамыған, өзгеріске толы, заман талабына сай, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. Пікір алмасты. «Үштұғырлы тіл саясатын дұрыс түсінбей, тек қазақ тілін қолданайық деп, кертартпа көзқарас білдірудің қажеті жоқ. Одан біз ұтпасақ, ұтылмаймыз. Қазақ тілі – отбасылық тіл. Қоғамда «анашым», «әкешім» деп сөйлейтін ұрпақ пайда болды. Бұл көңіл қуантарлық жағдай. Күмән сейілтетін дәлел»,-дейді шәкірттерге білім нәрін сеуіп жүрген қауым. Семинар барысында тілдер саясатындағы басты бағыттар екшеліп, балаға тіл үйретудің тетіктері қарастырылды.
Г. Қалмырзақызы