
Білім көкжиегінде үздік шәкірттерімен аты шыққан Бәйдібектегі оқу ордасы – ол Өмірбек Жолдасбеков атындағы жалпы орта мектебі. Өткен оқу жылында 186 оқушының 50-і жоғары нәтиже көрсеткен білім ошағынан жаңа маусымда үміт көп. Себебі, замануи техникалармен толық жабдықталған мектеп оқу жылына сақадай сай отыр.
Жас ұрпақтың санасына сапалы білім құйып, үлгі өнегісін көрсетіп жүрген мұндағы мамандар - жоғары санатты педагогтар. Білім беру жүйесіне енгізілген түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтарға бейімделіп, жан-жақтылықты қатар алған ұстаздар тұлғаны дамыту үшін барын салады. Сондай-ақ, ұйымшыл ұжым, біліктілігінің арқасында облыстық, республикалық түрлі олимпиадаларда топ жарып, үздіктер қатарынан көрінуде. Оған дәлел мектептің жетіп отырған жетістіктері. Академиктің есімін иеленген білім ұясы соған лайықты шәкірт тәрбиелеу үшін аянып қалмақ емес. Ғалымы мен данасын да, еңбекқор баласын да тәрбиелеп, үлкен өмірге аяқ бастырар ол – ұстаз. Демек өз ісіне берілген осындай жанашыр ұстаздар барда әлі талай дарынды білім шаңын бағындарарына сенім мол.
Н. МҰХАМЕДЖАНҰЛЫ