ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

«ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ, ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ»

11:55, 23 тамыз 2019

«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді». М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өмірін білім-ғылымға арнаған ардақты профессор Дархан Сабырхановтың атындағы оқу-өндірістік лабаратория ашылды. Аталмыш орталық студенттердің теориялық білімін тәжірибеде ұштауына бағытталған. Салтанатты шараға ғалымның туған-туыс, бауырлары мен отбасы мүшелері де қатысты.

Еліміздің білім саласына ерен еңбегін сінірген ағартушы-ұстаз, профессор Дархан Сабырхановтың өмірден озғанына да жылдың жүзі. 1974 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген ол еңбек жолын Шымкент қорғасын зауытының аға инженері болып бастаған. Білікті профессордың кейінгі өмірі білім-ғылыммен өрнектелді. 65 жыл ғұмырының 40 жылын қарашаңырақ М. Әуезов атындағы ОҚМУ қабырғасында өткізді. Жас ұрпақты ғылым жолына баулыды.

Оқу-өндірістік орталығында тәлімгерлер теорияда алған білімдерін шыңдайды. Мұнда тамақ өндірісіне арналған заманауи құрылғылардың түр-түрі бар. Яғни, шәкірттер мұнда шикізаттан жартылай фабрикат, ауылшаруашылық өнімдерінен кептірілген жеміс-жидек жасауды үйренеді.

Кенжехан Төлебаев – Д. Сабырхановтың туысы  

Дарханның дархандығын ел біледі. Оның білім жолындағы еңбегін ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес...

65 жасқа қараған шағында дүниеден озған ұлағатты ұстаз жары Ажаркүл Әбілдақызы екеуі екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірді. Арда азаматтың ел үшін еткен еңбегін ескерген университет ұжымына Ажаркүл апайдың алғысы шексіз.

Ажаркүл Байарыстанова – Д. Сабырхановтың жұбайы

Бүгінгі мынау ашылып жатқан орталықтың жұмысына көз сүйінеді. Осындай игі іске мұрындық болған Дария Пернешқызы бастаған ұжымға алығстан өзге айтарым жоқ...

Шәкіртсіз ұстаз тұл. Техника ғылымдарының докторы 1 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты және 5 магистр тәрбиеледі. «Тау алыстаған сайын биіктей түседі».  «КСРО өнертапқышы», білім беру ісінің құрметтісі Дархан Сабырханұлының  ғылым жолындағы  еңбегі әріптестерінің мәңгі жадында. Жыл өткен сайын жаңғыра бермек.  

Г. ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ   

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
17:09, 27 тамыз 2019
МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...