
Қазығұрт ауданында «Латын әліпбиі - рухани жаңғырудың негізі» атты аудандық конференция болып өтті. Алқалы жиында латын қарпіне көшудің мемлекеттік маңыздылығы айтылып, игі шараның алғы шарттарын жүзеге асыру мәселелері қозғалды.
Әлемдік озық технологияның үлгісі болған латын әліпбиіне көшу- еліміздің жарқын болашағы үшін маңызды. Бұл отандық білім мен мәдениетті, өнерді жаңа сатыға көтереді. Маңызды жиынға аудан ардагерлері мен жастары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Көкейкесті ойларын ортаға салды.
Бүгінде әлем халқының 70 пайыздан астамы латын әліпбиін қолданады. Түбі бір түркі дүниесі латынға көшкен. Бізге олармен рухани байланыс орнатып, ғылыми-экономикалық қарым-қатынасты нығайтула осы қаріптің ықпалы зор. Қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады.
Конференцияға қатысушылар латын қарпіне көшу тарихқа оралу екенін айтты. Ал, өткенмен қауышу – жаңғыру шарты.
С.ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ