ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

БАЛАЛАРДЫҢ ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛУЫ 95 ПАЙЫЗҒА ЖЕТПЕК

12:58, 24 шілде 2018

Облыста дарынды, оқуда озат, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларының... лагерьмен қамтылуы 95 пайызға жетпек. Биыл бұл өрендер үшін қала сыртында... 24, мектеп жанында 905 лагерь жұмыс істеуде.

Бүгінгі таңда 4 ауысыммен бала қабылдап жатқан қала сыртындағы лагерьлерде 15 мыңнан астам оқушы тынықты. Тағы 17 мыңға жуық бала оқу басталғанға дейін аталған лагерьлерде демалады. Бұдан бөлек, 905 мектеп жанындағы лагерьде 193 мыңнан астам оқушы жазғы уақытын тиімді өткізді. Бұл - өңірдегі оқушылардың 32,2 пайызы.   Сонымен қатар, облыстағы бес балалар үйінің 350-ге жуық тәрбиеленушісі жаз бойы Түлкібас ауданындағы «Самал» лагерінде сауық-сайран құрды. Дос арттырды. Білім түйді. Бұған қоса, жаз бойы балаларды экскурсия, саяхатқа апару жұмысы да жалғасын табуда. Мәселен, республикалық «Өлкетану» акциясы аясында 200 бала Астана қаласына саяхаттап қайтты. Ал, туған елдің мәдениеті мен тарихын неғұрлым терең зерделеу, тарихи орындардың алуан түрлілігі мен ерекшеліктері туралы білім алу мақсатында шілде айының 2-сі мен 9-ы аралығында облыстан 70 оқушы Қостанай облысы Арқалық қаласына сапар шекті. Өңірдің  тарихи мұражайларына үш күндік керуен-шеруі акциясы өткізілді. Оған облысымыздан аз қамтылған отбасыдан шыққан 150 оқушы қатыстырылды. Бұл – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асты.  

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ          
 

Тақырып бойынша материалдар

«Мерейлі отбасы-2017». Облыстың мақтаулы шаңырағы анықталды
15:22, 27 мамыр 2017
«Мерейлі отбасы-2017». Облыстың мақтаулы шаңырағы анықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...