ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

«Мерейлі отбасы» - мемлекетке тіреу

12:04, 24 мамыр 2017

Отан отбасынын басталады. Жастар орталығында жаныңды жадыратар тағы бір іс-шара болып өтті. Отбасы құндылықтарын дәріптейтін «Мерейлі отбасы» байқауы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздары марапатталды.

 «Мерейлі отбасы»  ұлттық байқауы Шымкентте осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Шараның мақсаты - отбасында өзара келісім мен рухани  сыйластықты нығайту. Бір шаңырақ астындағы берекелі өмір сүрудің маңыздылығын арттыру. Көп ұлтты еліміз үшін мұндай шараның мәні зор. Биылғы облыстық байқауға барлығы 20 отбасы қатысып, бағын сынады.

Айгүл Сәрсеева - Шымкент қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары

Конкурстың негізгі мақсаты - отбасылық құндылықтарын насихаттау. Берік отбасы әр уақытта Отанына деген сүйіспеншілігін арттырып отырады. Және патриот азаматтарды тәрбиелеп алып келеді. Сондықтан да отбасының мәртебесін көтеру, қазақстандық отбасының имиджін арттыру мақсатында осындай іс-шараларды ұйымдастырып жатырмыз.

 «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы бәрінен бұрын адамгершілік құндылықтарды қайта түлетіп, рухани жаңғыруға жол бастайды. Сондай-ақ, отбасылық өмір салты, ата-аналық парыз, жауапкершілік секілді ұғымдарды көпшілік санасына сіңіреді.  Байқауда осы мәселелер басты назарда болды.

Каналбай Сейілбекұлы - Мақтарал ауданының тұрғыны

Отанның өзі отбасыдан басталады. Отбасының міндеті - елге, халыққа қызмет ету. Кемтарларға жәрдем беру. Кішілерді тәрбиелеу. Бүгін орын алып отырмыз. Жақсы нәтижелер болды. Бұның бәрі - патшамыздың қамқорлығы. Соның арқасында осындай дәрежеге жеттік. Еліміз өркендей берсін.

Сонымен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының бірінші кезеңінің екі жеңімпазы анықталды. Олар - Каналбай Сейілбекұлының шаңырағы. Еңбек ардагері суырып салма өнерімен елге танылған ақын. Мәдениеттанушы, өнер қайраткері. Мақтарал ауданының құрметті азаматы. Үлгілі отбасының тағы бірі - еңбек ардагері Жұмабек Қансейітовтің әулеті. Халық ағарту ісінің озаты, Арыс қаласының құрметті азаматы атағын алған жан ел ішінде елеулі. Жеңімпаздар қала әкімінің «Алғыс  хаты» және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

СЕНБЕК Құттыбайұлы

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАРДЫҢ ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛУЫ 95 ПАЙЫЗҒА ЖЕТПЕК
12:58, 24 шілде 2018
БАЛАЛАРДЫҢ ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛУЫ 95 ПАЙЫЗҒА ЖЕТПЕК
Толығырақ...
«Мерейлі отбасы-2017». Облыстың мақтаулы шаңырағы анықталды
15:22, 27 мамыр 2017
«Мерейлі отбасы-2017». Облыстың мақтаулы шаңырағы анықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...