ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

Отбасы бірлігі-мемлекет байлығы

13:53, 28 наурыз 2017

Облысымызда жаңадан отау тіккен жас отбасылардың үштен бірі жыл өтпей өкпелесіп, ажырасуда. Бір-бірінің қадіріне жете алмай, қиын-қыстау күн кешіп жүрген ерлі-зайыптылардың жағдайы қоғамдық қабылдауда талқыланды

Шымкент қалалық «Нұр отан» партиясы мен  «Сана сезім» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болған басқосуда неке бұзылуының негізгі себептері сөз болды. Мінез-құлық, материалдық жағдай, жұмыс, мансап, баспана, маскүнемдік сынды себептер жастардың екіге айырылысуына әсер етуде. Өмірдің кез-келген қиындықтарына ерлі-зайыптылар бірлесіп, төтеп бере білуі тиіс. Себебі, әрбір отбасы - мемлекет байлығы. «Сана-сезім» қоғамдық бірлестігінің мамандары мұндай отбасыларға қол ұшын созуға, кеңестерімен бөлісуге әзір.  Партияның саяси Доктринасында отбасы құндылықтарын сақтаудың бірнеше бағыты айшықталған. Ұрпақтар сабақтастығы, аға буынға деген құрмет, балаларға қамқорлық ел дауының басты негізі екендігі екшелген. Себебі, бала барлық жақсы мен жаманды отбасындағы тәлім-тәрбие арқылы бойына сіңіреді. Қоғамдық қабылдауда мамандар осыған мән берді. Жиында аз қамсыздандырылған балалар үйлерінің түлектеріне психологиялық және құқықтық көмекті көрсетуге байланысты мәселелер айтылды.

Өмірзақ Мелдеханов - «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы

CАТТАР Есімбеков

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАРДЫҢ ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛУЫ 95 ПАЙЫЗҒА ЖЕТПЕК
12:58, 24 шілде 2018
БАЛАЛАРДЫҢ ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛУЫ 95 ПАЙЫЗҒА ЖЕТПЕК
Толығырақ...
«Мерейлі отбасы-2017». Облыстың мақтаулы шаңырағы анықталды
15:22, 27 мамыр 2017
«Мерейлі отбасы-2017». Облыстың мақтаулы шаңырағы анықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕП ЖҮР
17:32, 8 тамыз 2022
АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕП ЖҮР
Толығырақ...
2023 ЖЫЛЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ 100% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
18:07, 9 тамыз 2022
2023 ЖЫЛЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ 100% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...
САРЫАҒАШТЫҚ  ДИХАНДАР БІР ЖЕРДЕН ЕКІ ӨНІМ АЛУДА
13:42, 9 тамыз 2022
САРЫАҒАШТЫҚ ДИХАНДАР БІР ЖЕРДЕН ЕКІ ӨНІМ АЛУДА
Толығырақ...