ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

«Ұстаздар династиясы» атанған әулет

14:33, 21 ақпан 2017

Ордабасы ауданы Ұялыжар ауылында 77 жылдан бері мұғалімдікті міндет тұтқан шаңырақ бар. Әулеттегі алғашқы ұстаз - Сұлтан Ысқақұлы. Аты қазақ еліне мәлім. Ағартушы ұстаздың жолын ұрпақтары абыроймен жалғастырып келеді. Бүгінде бұл отбасы Ордабасыдағы «Ұстаздар династиясы» атанған.

Әулеттегі баба ұстаз Сұлтан Ысқақ білімге жастайынан құмар болған. Шәкірт тәрбиелеу ісін Төлеби ауданындағы Диханкөл ауылынан бастайды. 1940 жылы Ұялыжарда асарлатып, мектеп соғуға ұйытқы болады. Сөйтіп, сол мектепте директор міндетін атқарған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін елге келіп, өзінің басты мақсатын орындауға кірісті. Қазір марқұм ұстаздың игі ісін Әбдіқайым ақсақалдың ұрпағы Абай мектебінде жалғастыруда. Бұл ұядан елімізге танымал азаматтар тәлім алып шыққан.    

Әбдіқайым Ысқақ - Ардагер ұстаз

01,14 Бұл мектептен жоғары 6 мұғалім директор болып кетті. 3 мұғалім Кеңес Өкіметі кезінде аудандық партия комитетінің нұсқаушысы болды. 2 мұғалімнің  біріншісі - Жүнісбеков деген аудандық білім бөлімінің меңгерушісі болды. Одан кейін менің балам Әкім Ысқақов білім бөлімінің меңгерушісі болды. Одан кейін 1967 жылғы түлегіміз Мырзалиев ол да білім бөлімінің меңгерушісі болды.

Ал, Әбдіқайым қарияның перзентін мұқым ел таниды. ҚР бірінші шақырылымдағы Парламенті мәжілісінің депутаты Әкім Ысқақ - Көші-қон туралы Заңымыздың жобасын жасаушы. Жалпы бұл әулеттен 17 мұғалім, 1 азамат балабақшаның меңгерушісі болған. Төрт буынның бәрі де ұстаздық етуді арман еткен. Олардың жалпы еңбек өтілі 600 жылға татиды.      

Әбдікәрім Ысқақ - Абай атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі

Негізі мұғалім болсам деген, мектеп кезіндегі арманым еді. Содан бері 30 жыл болды. Ұстазы мықты болса, оқушысы мықты дейді ғой.

Бүгінде Ордабасы ауданындағы Ынтымақ ауылындағы мектепке, Ұялыжар ауылындағы көшеге Сұлтан Ысқақ есімі берілген.  Ынтымағы мен бірлігі жарасқан «Ұстаздар әулеті» елдің қамын ойлайтын саналы шәкірт тәрбиелеуді басты міндеті деп санайды.   

НҰРМАХАН Кенжехан

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАРДЫҢ ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛУЫ 95 ПАЙЫЗҒА ЖЕТПЕК
12:58, 24 шілде 2018
БАЛАЛАРДЫҢ ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛУЫ 95 ПАЙЫЗҒА ЖЕТПЕК
Толығырақ...
«Мерейлі отбасы-2017». Облыстың мақтаулы шаңырағы анықталды
15:22, 27 мамыр 2017
«Мерейлі отбасы-2017». Облыстың мақтаулы шаңырағы анықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...