
Ұлық мейрам Наурызды шығыстың кейбір халқы 1 ай тойлайды. Бізде де думаны тарқаған жоқ. Әз Наурызды Түркістанға қарасты Қарашық және Ораңғай ауылдарының тұрғындары дүбірлетіп атап өтті. Думанды той көркін спорттық ойындар мен ұлттық тағам – наурыз көже аша түсті
Ораңғай – шағын ғана шаттық шаңырағы. Мұнда көпұлтты халық тұрады. Бұл күні осы жұрт мәре-сәре күй кешті. Әр ұлт өзінің төл өнері мен салтынан үзінді көрсетіп, көпшілікті тәнті етті.
Жолдасбай Қасымов – Ораңғай ауылдық округінің тұрғыны
Абай Жүсіпқұлов – Ораңғай ауылдық округінің тұрғыны
Ал, қарашықтықтар Әз Наурыз мейрамында ақ пен қара, әлді мен әлсіз арпалысады деп, спорттық ойындардан күш сынады. Әжелер дәмді бауырсағын үлестіріп, жиналғандарды Наурыз көжеге тойдырды.
Мырзахан Адыханов – Қарашық ауылының тұрғыны
Әсетулла Төреханов – Қарашық ауылының тұрғыны
Наурыз - ерекше мейрам. Жыл басын айрықша ықыласпен қабылдаған түркістандықтардың алдағы күннен күтері мол. Көне шаһардың Түркі мемлекеттерінің мәдени астанасы мәртебесіне ие болғаны бірлікті бекемдеп, тірлікті ілгері бастырады деп сенеді.
ПЕРИЗАТ Биназарқызы