ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Балабақшадағы Наурыз тарту

14:26, 27 наурыз 2017

Жыл басы - Наурыз. Мол болсын, дәм-тұз. Атадан балаға мирас болған салт-дәстүріміздің бірі - шығыстың жаңа жылы. Бұл мейрамды өскелең ұрпақ бойына терең сіңіру балабақшадан бастау алады. Осыны негізге алған «Ұлпатай» балабақшасының ұжымы ұлыстың ұлы күнін өзіндік сән-салтанатымен қарсы алды

 «Отырар» мөлтекауданындағы «Ұлпатай» балабақшасының жұмыс істеп жатқанына 6 ай болды. Мұнда бүгін наурыз тойы аталып өтті. Алдымен, «Қолөнер және ертегілер елінде» атты көрме көрсетілді. Балалар ұлттық ойынымыз - асық атты. Ал, ересектер балабақша ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.

Хорлан Хусаинова – «Ұлпатай» балабақшасының құрылтайшысы

Біздің балабақша эстетикалық тәлім-тәрбие беруге бағытталған. Негізі 100 орынға лайықталған. Қазір 60 бала тәрбиеленуде. Хореография тағы басқа да үйірмелеріміз жұмыс істейді.

Мұнда баланың тиісті тәлім алуына барлық жағдай жасалған. Ата-аналар жақын маңнан ашылған балабақшаның жұмысына дән риза.

Гүлшат Қонысбаева - Ата-ана

Бұл балабақша бізге өте жақын. Мемлекеттік бағдарламамен. Кезегіміз де тез келді. Балаларымызға жақсы тәлім тәрбие беріп жатыр.  

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз көжемен сәнді. Ата-аналар ұжымның жайған дастарханынан дәм татты. Балабақша ұстаздары келушілерге ән тарту жасады. Ата-ана мен тәрбие беру мекемесі осылайша, бірлік пен ынтымақ мерекесін көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.

НҰРМАХАН Кенжехан                                               

 

Тақырып бойынша материалдар

Бірлігі жарасқан білім ордасында -  Наурыз той
15:41, 1 сәуір 2017
Бірлігі жарасқан білім ордасында - Наурыз той
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...