ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Дәстүр дәріптеліп, салт жаңғырды

16:18, 21 наурыз 2017

Көктем жаршысы – Наурыз тойды таулы аймақ– Төлеби ауданының халқы да тойлады. Қыс бойы қысылмай шығудың қамын жасаған халық ауыз аққа тигеніне мәз. Жергілікті билік бұл күні өткенге есеп беріп, елге есендік тіледі

Бұл күні табиғат та, жер ана да түледі, жаңарды, жасарды. Аңызға сенсек, қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезіп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет дарытады. Алыс жақыннан арнайы келген ағайынның  қуанышында шек жоқ.  Жүздерінен мерекелік көңіл күйдің лебі есіп тұр. Аудан басшылығы тұрғындардың еселі еңбегін ерекше бағалап, алғыс жариялады.

Бұхарбай Парманов – Төлеби ауданының әкімі

Ұлық мейрамда бірлік сыналады. Тірлік шыңдалады. Барша ұлт бір дастархан басында бақ қосты. Ортақ қазаннан наурыз көже ішті. Сән-салтанат өтетін аумаққа 20 шақты ақшаңқан киіз үй тігілген. Іші – мереке. Ел дастарханында береке. Өнер мекемелері мен этномәдени бірлестіктердің театрландырылған концерттік  бағдарламасы да сауық-сайран ажарын ашуда.

Нұрлан Қойбағаров – Төлеби аудандық мәслихатының хатшысы

Әз-Наурыз  ырыс пен ынтымаққа, бақ-берекеге  бастайтын ұлық мейрам. Түркі жұрты түгел  тойлайтын мереке. Салт-дәстүріне бекем оңтүстік жұртшылығы, Төлеби ауданының тұрғындары осылайша, бір-бірін ұлыс күнімен құттықтап, ақ бата тілеп, тарқасты

Арайлым Байзахова

Тақырып бойынша материалдар

Бірлігі жарасқан білім ордасында -  Наурыз той
15:41, 1 сәуір 2017
Бірлігі жарасқан білім ордасында - Наурыз той
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...