ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Мерекелік сенбілік

19:44, 18 наурыз 2017

Ұлттық пайымымызда таза үйге ғана бақыт келеді деген сенім бар. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында қала тазалығына мән беріліп, Қошқар ата өзені маңында тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілік шараға көшбасшы партияның «Жас Отан» жастар қанаты мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйытқы болды. Белсенді жастар бұл күні 100 тал көшет отырғызды

Шараға туған қаласының тазалығына бейжай қарамайтын 100-ге тарта Шымкент медресе колледжінің студенттері қатысты. Наурыз мейрамына арналған бұл шара Ұлыстың ұлы күні қарсаңында көшелерді тазалап, қоғамды ізгі іске шақыруға мүмкіндік берді.

Ата дәстүр бойынша Наурыз мейрамына дайындық тазалықтан бастау алады. Мұны ескерген Республикалық «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері де сенбілікте өзен-көлдердің маңы мен арық-атыздарды қоқыстан тазартты.

Торқалы той қарсаңындағы тың бастамалардың елге шарапаты тиіп отыр. Гүлденген қала ажарына көрік қосу үшін мұндай жалпықалалық сенбіліктер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

АҚМАРАЛ Көпжасарова

Тақырып бойынша материалдар

Бірлігі жарасқан білім ордасында -  Наурыз той
15:41, 1 сәуір 2017
Бірлігі жарасқан білім ордасында - Наурыз той
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...