
Ал, Шымкентте облыстық иран этномәдени бірлестігінің 20 жылдығына арналған «Армысың, әз-Наурыз!» мерекелік шарасы болып өтті. Жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылған кешке Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшілігі мәдени орталығының басшысы Масух Шейх Зейнудин арнайы қатысып, Ұлық мейраммен құттықтады
Қазақ-Иран байланысының тарихы тым терең. Көне парсы елімен арадағы дипломатиялық байланыс 1992 жылы орнаған. Бүгінде елдер арасындағы экономикалық, сауда-саттық һәм мәдение байланыстар жоғары деңгейде дамып келеді. Қос халықтың діні бір. Дәстүрінде де ұқсастық бар.
Нұрысбек Капарпур – Облыстық Иран этномәдени орталығының төрағасы
Бізде 21 наурыздан бастап тойласа, Иранда 13 күн тойлайды. Қазақстан мен Иран арасында 2 мың жыл бұрын қарым-қатынас болған. Керек десеңіз, 3 мың сөз - бір сөз. Бір –біріне ұқсайтын сөздер.
Қазақстанда 7 мыңға жуық иран этносының өкілдері тұрады. Оның 80 пайызы - түстікте туып, өскен азаматтар. Салтанатты жиында Иран халқының ұлттық көрмесі мен бай мәдени мұрасы көпшілік назарына ұсынылды.
Илдар Багиров – Шымкент қаласының тұрғыны
Біздің Қазақстанда Елбасымыздың арқасында әр ұлт өзі тілін, дінін, мәдениетін алып баруға жағдай жасалған. Осыған өз басым қатты ризамын!
Айта кету керек, Иран этномәдени бірлестігі 1997 жылы ашылған. Оның жанынан құрылған «Шамсинур», «Сарабан», «Арбадиль» би топтары өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып келеді. Мерекелік кеш қонақтары иран халқының әуезді әндерін тыңдап, ұлттық өнерін тамашалады.
НҰРЛАН Әлімбаев