ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Наурыз думан, Наурыз той!

16:33, 21 наурыз 2017

«Нұр себелер Ұлыстың ұлы күні». Шымкентте оқушы ата-анасымен бірге Наурыз туралы таным-түсініктерін талқыға салды. Тартысты жарыс Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектебінде ұйымдастырылды

 «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!» деген баталы сөздерден өз бастауын алатын бұл мейрамның игілігі мен қуанышы ерекше. Ұлы той көрігін қыздырған шарада жас бүлдіршіндер ата-баба дәстүрі бойынша қазақтың «Тұсау кесу» салтын жаңғыртты.

Жанар Қарақұлова – №17 жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Мерекенің бір ерекшелігі – мұнда ата-аналардың ұйымдастыруымен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Олар өздері жүргізуші, өздері актер, өздері Қыдыр ата рөлдерін сомдап жатыр. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Елімізде тек қана бейбітшілік, халықтың өміріне бақ-дәулет қонсын!

Бұл күн балалар үшін ерекше ұмытылмастай болды. Әсем ән мен тәтті күй, ұлттық ойындар, сахналық қойылымдар, дастархан, бәрі жыл басы Наурыздың келгенін аңғартады. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында достық пен татулық насихатталып, ақ тiлектер айтылды.

Нұрсұлу Қожабекова – Ата-ана

Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз. Қазағымыздың байырғы салт-дәстүрін жаңғыртып жатырмыз. Бұл іс-шарада «Бесікке салу» рәсімі, «Тұсау кесу», Наурыз көжені таныстырамыз. Керемет мереке тойлап жатырмыз. Наурыз құтты болсын, баршаға!

Айтулы мейрамды мектеп оқушылары осылайша асқан ұйымшылдықпен тойлап өтті. Көтеріңкі көңіл-күй, ата-анамен берік байланыс, көптен күткен сыйлықтар бала көңілін шат етті.

АҚМАРАЛ Көпжасарова

Тақырып бойынша материалдар

Бірлігі жарасқан білім ордасында -  Наурыз той
15:41, 1 сәуір 2017
Бірлігі жарасқан білім ордасында - Наурыз той
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОНКҮНДІК  ШАРАЛАР  ЖЫЛДАРДЫҢ  ЖҮГІН  КӨТЕРУДЕ
14:57, 12 сәуір 2021
ОНКҮНДІК ШАРАЛАР ЖЫЛДАРДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУДЕ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ «КЕРУЕН-САРАЙ» ТУРИСТІК КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
14:53, 12 сәуір 2021
ТҮРКІСТАНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ «КЕРУЕН-САРАЙ» ТУРИСТІК...
Толығырақ...