ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Сайрамдықтар Наурыз тойын тойлады

17:39, 29 наурыз 2017

Дәстүрге бай, ұлттық ерекшелігі мол, қадірлі Әз Наурыз мейрамын сайрамдықтар да айрықша атап өтті. Аудан жұрты Көлкент ауыл округінде жиналып, әуелеген ән, күмбірлеген күй ырғағында шалқыды. Аста-төк дастархан жайылды. Қыстан қысылмай шыққан елдің аузы аққа тиіп, арқа-жарқа күй кешті

Көлкентттегі көл-көсір жайылған дастархан басына жиналған қауымның қарасы қалың. Жыл басы Наурызға арналған  мерекелік іс-шара ұлттық құндылықтарға толы. Қазақы салт-сана мен ата дәстүр барынша насихатталды. Сайрам халқын Ұлыстың ұлы күнімен аудан басшысы Самат Сапарбаев құттықтады.

Самат Сапарбаев – Сайрам ауданының әкімі

Тәуелсіздікпен бірге қайта түлеген Ұлы мейраммен бірге әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүріміз санамызға берік орныға бастады. Ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, жаһандық өркениет көшіне нық қадам басып келеміз.

Сабыржан Шадиев – Сайрам аудандық мәслихатының депутаты

Наурыз мейрамында бауырмалдық пен кешірімшілдік дәріптеліп, ізгі ниет, ақ тілектер ағытылды. Мереке ұлттық ат спорты ойындарымен жалғасты. Оған Бәйдібек, Түлкібас, Қазығұрт аудандарынан келген үміткерлер де қатысты.

ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы                 

Тақырып бойынша материалдар

Бірлігі жарасқан білім ордасында -  Наурыз той
15:41, 1 сәуір 2017
Бірлігі жарасқан білім ордасында - Наурыз той
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...