ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Сарыағаштық Әз Ана ұлыстың ұлы күнінде 100-ге толмақ

13:41, 18 наурыз 2017

Сарыағаш ауданында қос ғасырдың талқанын жеген ана тұрады. Ол ақ патшаның заманында туылып, Кеңес Өкіметін құрып, соңынан тарқатқан. Бүгінде Тәуелсіз елдің жетістігіне куә болып отырған жайы бар. Дәл осы әз Ана үшін әз Наурыздың жөні бөлек. Қалдыгүл Асанова Ұлыстың ұлы күнінде 100 жасқа толмақ. Кейуана кез-келгеннің маңдайына жазылмаған мерейтой қарсаңында етегінен өрбіген ұл-қызын жиды. Бір дастарханда бас қосты

Ғасыр ана 1917-ші жылы 22-ші наурызда Ташкент облысында көп балалы отбасында дүниеге келген. 4 кластық білім алып, жастайынан қызу еңбекке араласқан. 26 жасында тұрмыс құрып,  9 перзент сүйді.  Жалғыз өзі  30-40 гектар мақта алқабын суарып, жасында 150 келіге дейін мақта терген екен. Қарияның айтуынша, ұзақ жасауының себебі де сол еңбексүйгіштіктің арқасы.

Батыр ана 9 перзентінен бұл күнде 48 немере, 130 шөбере, 41 шөпшек сүйіп отыр. Әлі де ширақ әже немене сүйсем деп ниеттеніп отыр. Кейуананың келіндерінің үлкені жетпістің желкенін керген.  

Жастық шағын ауыр еңбек, бейнетті күнге арнаса да Батыр ана көргеніне шүкір келтіріп, бұл күніне тәубе айтудан жалыққан емес. Қарт ананың жалғыз ғана тілегі - ел тыныштығы мен ұрпағының амандығы. 

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

Бірлігі жарасқан білім ордасында -  Наурыз той
15:41, 1 сәуір 2017
Бірлігі жарасқан білім ордасында - Наурыз той
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...