ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Шардарадағы ұлы той

16:22, 21 наурыз 2017

Самарқанның көк тасы еріп, күн мен түн теңелген тұста шағалалы Шардарада да ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, қазақы салтымыз салтанат құрды

Аудандағы мерекелік шара таң алакеуімнен басталды. Қытымыр қыстан аман шығып, жылдан-жылға есен жеткен аудан халық орталық алаңға асықты. Ал, көптің көрісу алаңына айналған орталықта қазақы ауыл бой тіктеді. Бір-бірін мерекемен құттықтау үшін жиналған жұрт алдымен, құшақ жая қауышып, кейін ортақ қазанға дайындалған Наурыз көжеден дәм татты.

Болатбек  Қыстауов – Шардара  ауданының  әкiмi

Сонымен қатар, бұл күні ұлттық спорт түрлері де ұлықталды. Мерекенің мерейін асыру үшін гір тасын көтеру, теңге ілу, арқан тарту сынды сайыстары ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, Наурыздағы бәсекеде арнайы спортшылар емес, ауылдағы азаматтардың білек күші мен ептілігі сынға түсті.

Ақтілек Оспанов – Шардара ауданының тұрғыны

Ибагүл Оспанова– Шардара ауданының тұрғыны

Салтанатты шарада қазақы салт-дәстүріміз де барынша дәріптелді. Енді ғана қадамын түзеген кішкентайдың тұсауы кесіліп, жастарға әдеп-ғұрпымыз насихатталды. Осылайша, таңертеңнен басталған шара күн ұзаққа жалғасты. Ал, мерекенің көркін аудан өнерпаздары қыздырды. Бұл күні аудан көгінде әсем әуен қалықтап, Шардара даласын күй тербеді.

МАҚСҰТ Жарылқасын                                            

Тақырып бойынша материалдар

Бірлігі жарасқан білім ордасында -  Наурыз той
15:41, 1 сәуір 2017
Бірлігі жарасқан білім ордасында - Наурыз той
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОНКҮНДІК  ШАРАЛАР  ЖЫЛДАРДЫҢ  ЖҮГІН  КӨТЕРУДЕ
14:57, 12 сәуір 2021
ОНКҮНДІК ШАРАЛАР ЖЫЛДАРДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУДЕ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ «КЕРУЕН-САРАЙ» ТУРИСТІК КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
14:53, 12 сәуір 2021
ТҮРКІСТАНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ «КЕРУЕН-САРАЙ» ТУРИСТІК...
Толығырақ...