
Наурыз – теңдік пен кеңдік салтанат құратын мейрам. Бұл күні қым-қуыт тірліктен полицейлер де сәл-пәл қол босатып, Ұлыстың ұлы күнін тойлады.
Мереке мерейін тек өздері қыздырған жоқ. Салтанатты шараға қазақстандық бірлік пен татулықтың мызғымас күші – әр алуан ұлт өкілдерін шақырды. Салтанатты жиын эстрада жұлдыздарының қатысуымен концертке ұласты. Департамент басшылығы ардагерлерін ардақ тұтты. Жеке құрамын мерекемен құттықтап, қызметке табыс тіледі. Ал, басқарма, бөлім құрылымдары арасында оңтүстікте мекен ететін ұлттардың ұлттық дәстүрінен көрме жасалып, тағамдарынан дастархан жайылды. Тартысты байқау ұйымдастырылды. Барлық басқарма қазылар алқасына өздеріне бөлінген ұлттың салт-дәстүрі мен мәдениетін таныстырып, ұлттық әндерін шырқады. Байқау нәтижесінде әділ қазылар жеңімпаздарды анықтады. Сонымен, жүлделі үшінші орын - Әкімшілік полиция басқармасының еншісіне тиді. Екінші орынды Облыстық ішкі істер департаментінің Штаб басқармасы иеленді. Ал, бірінші орынды – Ақпараттық-аналитикалық және Техникалық қызмет басқармасының қызметкерлері жеңіп алды. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен грамота тапсырылды.
НҰРСҰЛТАН Әбдірашит