ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Ұлы той қонақтарына жоғары дәрежеде қызмет көрсетіледі

13:39, 18 наурыз 2017

Түркістанда Алты Алаштың Наурыз тойы өтетінін көзі қарақты көрермен жақсы біледі. Бұл салтанатқа шет елден келетін қонақтардың кейбірі рухани астананы бұрын-соңды көрмеген. Қасиетті мекеннің мейман алдында қадірін арттырып, тарихи қаланы оң имиджбен таныстыру үшін қазір бірқатар жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, қонақтардың жатын орындарына көбірек көңіл бөлініп жатыр. Бұл туралы шаһар басшысы Әліпбек Өсербаев біздің арна тілшілеріне берген сұхбатында мәлімдеді

Әліпбек Өсербаев – Түркістан қаласының әкімі

Біз ең алдымен, мына қонақүйлердегі қойған сабыны, шыны керек, сүлгілеріне дейін мықты болсын, таза болсын деп үлкен тапсырма беріп отырмыз. Сондықтан да еңді, ол келген адам, ммм деп сізге күліп кеткенімен, іштей жамандап кетеді. Не болса да ішінде болады. Сондықтан келген адамның көңілінде ешқандай кірбің болмауы керек деп ойлаймын.

Бүгінде Түркістанда айтулы шараға дайындық қызу. Қалаға кіре-беріс қақпа маңын абаттандырудан бөлек, барлық көшеге гүл егіліп, әрленуде. Әліпбек Өсербаев – Түркістан қаласының әкімі

Яссауи кесенесінің маңайын абаттандырып жатырмыз. Олар тек Түркістаннан қайтпауы керек, жақын жердегі Гаухар ана кесенесіне, дмынау тұрған Отырарға барады. Біз қазір осы жұмыстарды жүргізіп жатырмыз.

Бұл той бұрынғы тойлардан өзгерек болмақ. Бұған дейін талай жиынды өткізген түркістандықтар айтулы шараның да өз деңгейінде өтетініне бек сенімді. Қазірдің өзінде облыстық мәдениет басқармасы бастаған шығармашылық ұжым рухани астананың орталық алаңында дайындықтарын пысықтап жатыр.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

Бірлігі жарасқан білім ордасында -  Наурыз той
15:41, 1 сәуір 2017
Бірлігі жарасқан білім ордасында - Наурыз той
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...