ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Жақсылыққа жаршы болған әз Наурыз!

16:24, 21 наурыз 2017

Көктемнің ұлық мейрамы Наурызды тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласының тұрғындары да атойлап тойлады. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп, жас көшеттерді отырғызды. Осындай ұлағатты істермен жастарға үлгі-өнеге көрсетті

Арыстың 70 мыңға жуық халқы бар. Орталықта өткен мейрамға шаһардың белсенді бөлігі тегіс жиналды.  Ақ жаулықты аналар ән шырқап, жастар қауымы өз өнерлерін ортаға салды. Ауданның құрметті азаматтары халыққа деген ізгі-тілектерін жеткізіп, қаланың әлеуметтік-экономикалық  даму көрсеткішіне  тоқталып өтті.

Мұрат Қадырбек - Арыс қаласының әкімі

Салтанатты шара Әл Фараби орталық алаңында 20-дан аса мектеп, 30ға жуық мекемелердің жоғарғы деңгейде ұжым болып, ат салысуы өздеріңізге байқалып тұрған болар. Сахна төрінде жергілікті өнерпаздар қойылым қойып, өнер ұжымдары ән салуда. Мерекелік шаралар тек алаңда ғана емес, сонымен қатар, ауылдық округтерде жоспарлы түрде өткізілетін болады.

Бұл тойда салт сақталды. Дәстүр дәріптелді. Қазақша күрестен, қол күресінен, кір тасын көтеруден жарыс қызды.  

Гүлбану Баймурат – Самбодан азия чемпионы

Нұрсұлтан Отар  - Мәдениет үйінің жүргізушісі

Ақшаңқан киіз үйлер мен ас та төк әзірленген дастархан қазақы қонақжайлылықтың белгісін паш етті. Ең әдемі жабдықталған киіз үйлер анықталып, наурыз нақышымен киінген тұлға да құрмет көрді.  Ал, ел ішінде еңбегімен еленген қала патриоттары арнайы төс белгілерімен марапатталды.

Алмагүл Смахова – Арыс қаласының тұрғыны

Амантай Байтанаев – Арыс қалалық мәслихатының хатшысы

Халық еркесі болған ақын-сазгерлер домбыра шертіп, термелер айтты. Жастар айтыс айтып, алтыбақан тепті. Бұл күн арыстықтар үшін ақ түйенің қарны жарылып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған қалпымен есте қалды. 

АРАЙЛЫМ Байзахова

Тақырып бойынша материалдар

Бірлігі жарасқан білім ордасында -  Наурыз той
15:41, 1 сәуір 2017
Бірлігі жарасқан білім ордасында - Наурыз той
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...