ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Ағаш полимер композиті. Шымкенттік өнімге сұраныс артқан

12:27, 31 шілде 2017

Шағын және орта бизнестің тиімді тұсы бар. Ол заманның ыңғайына тез бейімделіп, сұранысқа сай өнімдерді өндіруге ықпал етеді. Бүгінде Шымкентте «ағаш полимер композиті» деп аталатын материал шығаратын серіктестік туралы осыны айтуға болады. Ашылғанына 4 жыл болған кәсіпорын әсемдік пен оңтайлылықты қатар алып жүр.

«Ағаш полимер композиті» Еуропа елдерінде кеңінен қолданыста. Ағаш жаңқасы мен пластик ұнтақтарынан жасалатын өнім бүгінде сыртқы дизайнда кеңінен пайдаланылады. Бұл материал табиғат өзгерістеріне шыдамды. Аязды сынбайды, суда пішінін өзгертпейді, күнге күйремейді. Жыл сайын ақтап, немесе бояп тұрудың қажеті жоқ. Ширек ғасыр бойы  өңін де жоғалтпайды. Сондықтан да қажеттілікті өтеп тұр.

Талғат Байжан – «Bai & R  Group» ЖШС-нің қаржы директоры

Бұл материалға біздің зауыт 5 жылдық гарантия береді. Эксплуатация жағынан 25 жылдық гарантия береді. Бұл материалды сыртқы қолданысқа қолданылады және одан басқа бізде бау-бақша жиһаздары бар және забор жиһаздары бар.

Бұл жобаның құны - 30 миллион теңге. Оның 20 миллионын Оңтүстік аймақтық инвестициялық орталығынан несиеге алған. Жұмысшылары орташа есеппен 75 мың теңге жалақы алады.

Айтөре Ускенбаев – Жұмысшы

4 жылдан бері тоқтамай істеп келудеміз. Жалақымыз уақтылы.10 адам жұмыс істейміз 3 сменада. Заказ көп.

Шикізат толығымен өз елімізден табылады. Сондықтан бұл материал  таза Қазақстандық өнім болып табылады. Бұл цехтың өнімдеріне қазір еліміздің барлық облысынан тапсырыстар келіп түсуде. Болашақта ТМД нарығына шығу жоспарда бар.

НҰРМАХАН Кенжехан     

Тақырып бойынша материалдар

ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
14:36, 3 мамыр 2018
ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
Толығырақ...
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
16:14, 1 наурыз 2018
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қақты
15:01, 11 тамыз 2017
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...