ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

«ASPAN Profile» әлемдік нарықты мойындатуда

17:48, 13 наурыз 2017

Шымкенттің есік-терезе профильдері шетелдің алпауыт компанияларын да тамсандырып отыр. Әңгіме «ASPAN Profile» жайында. Кәсіпорынның бүгінде 8 ірі қалада филиалы бар. Бәрі толық қуатында жұмыс істейді. Күн санап, өндіріс көлемін ұлғайтып отырған серіктестік осылайша әлемдік нарықта да орнын табуда.

«ASPAN Profile»- алдыңғы қатарлы инновациялық технологияларды қолдана отырып, терезе және есік құрастыруға қажетті ПВХ профильдері және терезе алды тақтайшаларын шығарады. Кәсіпорын ел экономикасының дамуына серпінді үлес қосып, 250 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Өнімі Қырғызстан мен Тәжікстанға тасымалданады. Енді, Ауғанстанға да жіберу жоспарланып отыр. 

Мұрат Мамытбеков, «Триумф ММС» зауыты» ЖШС-нің директоры

Шетелден келіп жатқан әріптестерді біздің тауардың сапасы қызықтырады. Себебі, біз жоғары техънологиялы апараттарды пайдаланамыз....

Кәсіпорын жылына 12-14 мың тонна дайын өнім шығаруға қауқарлы. Шикізат таза, жасалу жолы да талапқа сай. Оған компанияның таныстыру жиынында шетелдік қонақтар да көз жеткізді. Сапа көңілге қонғандықтан, келісімшарт бекітуге де ниет білдірді.

Жафар Садыков – Тәжікстандық кәсіпкер

Біз Тәжікстаннан бірнеше компания өкілдері жиналып, делегациямен келдік. Осы компаниядан есік-терезе профильдерін тасымалдағымыз келеді. Бұған дейін Түрік компанияларымен жұмыс істедік. Ал, қазір «Аспан профильдің» өнімін алғымыз келеді. Себебі, біз логистикадан үнемдейміз. Тасымалдау шығындары азаяр еді.

Оралбай Әлімов та 1 жылдан бері осы компанияның өнімдерін қолданады. Алматылық кәсіпкер де серіктестің жұмысына оң бағасын берді.

Оралбай Әлімов – Серіктес компания өкілі

Қазақстанда осындай зауыттар ашылып жатқанына қуанып жатырмыз. Бұрын байсқа мемлекеттерді байытсақ, енді өзімізде шығарып жатқан заттарды алуға тырысып жатырмыз...

Бәсекелестік бар жерде баға да тұрақты. Жергілікті тауарға сұраныс жоғары. ПВХ-профильдерін шығарып жатқан зауыттың қарқыны еліміздің экономикасын көтеріп, жергілікті өндірістің дамуына елеулі үлес қосары сөзсіз. 

АЙЖАН Әшірхан

Тақырып бойынша материалдар

ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
14:36, 3 мамыр 2018
ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
Толығырақ...
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
16:14, 1 наурыз 2018
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қақты
15:01, 11 тамыз 2017
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...