ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

"Әлем фабрикасы - Қытайдың" өзінен «Алтын адам» киімдеріне сұраныс жоғары

12:36, 10 ақпан 2017

Итальяндық сапа, қолжетімді баға. Сайрам ауданы Ақсукент елдімекеніндегі «Алтын адам» тігін фабрикасы осындай классикалық үлгідегі киімдер тіге алады. Бұл мүмкіндікке серіктестік небары 4 жылда қол жеткізіп отыр. Отандық киімге бүгінде сұраныс жоғары. Қытайлықтардың өзі тамсанады. Сол себепті фабрика аспанасты елінде 11 дүкенін ашқан.

«Алтын адамдағы» киім тігу процесі дәл осы бөлмеден басталады. Алдымен, дизайнерлер оның  суретін салып, үлгісін құрастырады. «Жеті  рет өлшеп, бір рет кес» қағидасына сүйеніп, әбден ойластырылған дүниені ғана тігуге жібереді. Мұнда киімнің әр  элементіне - тігісіне, матасына, жібі мен түймесіне де жіті мән береді. Соның арқасында бүгінде тауарға деген сұраныс артқан.

Анатолий Ким  - «Алтын адам» ЖШС-нің атқарушы директоры
Қазір жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне деген әлемдік сұранысты қытайлықтар қанағаттандыруда. Қызығы сол, олар біздің киімге ықыласты болып шықты. Үрімшіде сол себепті 11 дүкенімізді аштық. Осы уақытқа дейін 3000 мыңнан астам киімімізді киді. Тұтынушылардан бірде-бір шағым түспепті.     

Бүгінде 150-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған бұл кәсіпорынның болашағынан үміт зор. Киімдерді тігуге шетелдің шикізаты, яғни, матасы мен жібі қолданылады. Ал, тігін машиналары Жапония мемлекетінен әкелінген.

Сапасы жоғары, бағасы қолайлы тауар кімді болсын, қызықтыратыны даусыз. Бұл тұрғыдан алғанда «Алтын адам» киімдері көпшілік көңілінен шығып отыр. Соның дәлелі болса керек, мұнда күніне 500–ге жуық костюм тігіледі.

Жоғарыда тігілген киімдер осы дүкенде сатылады. Өлшемі келмеген немесе бір жерін өзгерткісі келетіндердің де қалауы табылған. Қалаған матаңыздан, қалаған үлгіде әп сәтте-ақ тігіп береді...

АЙЖАН Әшірхан                                   

Тақырып бойынша материалдар

ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
14:36, 3 мамыр 2018
ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
Толығырақ...
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
16:14, 1 наурыз 2018
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қақты
15:01, 11 тамыз 2017
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...