ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Әлемнің 7% жері ғана жаңғақ өсіре алады, оның бірі – Оңтүстік Қазақстан

11:00, 5 маусым 2017

Жаңғақ - ми жұмысын жақсартатын дақыл. Әлем бойынша оны өсіруге 7% жер ғана жарамды. Ал, біздің елде бұл бақ тек Оңтүстікке бұйырған. Табысты шаруашылықтың тасын өрге домалату үшін бірнеше елдің білікті мамандары Сарыағаш ауданында бас қосты.

«Оңтүстік өңір – Қазақстанның жеміс-жидек фабрикасы».  Елбасы екшеген  межеге жету үшін «Сарыағаш жер сыйы» ЖШС-де ілкімді істер атқарылуда. Аталмыш семинар - соның бір парасы. Келелі кеңеске Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің ғылыми зерттеу ұйымдарынан мамандар келді. Олар жергілікті жерде жаңғақ шаруашылығын дамыту мәселесін талдады. 

Иә, бұл дақыл - ағзаға пайдалы азық. Қабығынан дәрумендер тосабын, ағашынан бағалы жиһаз жасауға болады. Жаңғақ егілген соң, 10-15 жылдан кейін ғана жеміс береді. Осы процесті жалдамдату үшін зерттеушілер жаңғақ көшетін отырғызудың биотехнологиялық әдісін ойлап тапты.

Мамандар жаңа әдіс арқасында  1 гектардан 1 млн., ал, кейінгі жылдары 3 млн. теңгеге дейін табыс табуға болатынын айтады. Ал, оның жеміс беру ұзақтығы 100 жылға жетеді. Сондықтан, ұрпақтан ұрпаққа азық болар дақылды егу – ел болашағын ойлағандар үшін маңызды.

Жаңғақ өсіруде ескере кететін бір жайт, көшеттердің арақашықтығы 10 метрден жақын болмауы керек. Ал, 5-6 жылдың ішінде жер бос жатпас үшін, онда бұта тектес өсімдіктер отырғызып, өнім алуға болады.

АЙЖАН Әшірхан                            

Тақырып бойынша материалдар

ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
14:36, 3 мамыр 2018
ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
Толығырақ...
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
16:14, 1 наурыз 2018
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қақты
15:01, 11 тамыз 2017
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...