
«Қазақстанда жасалған». Осындай таңбасы бар аяқ киімдер Шымкентте де шығарылады. Бүгінде шаһардағы «Заря» аяқ киімдеріне сұраныс жоғары. Соңғы екі айда шағын цехта қолтырауын терісінен сәнді аяқ киімдер тігіліп жатыр. Отандық өнімнің сапасы жоғары. Тұтынушыдан сұраныс та артып отыр.
Мамыр Қойлыбаев – Қазығұрт ауданының тұрғыны. Бұған дейін шетелдік өнімді тұтынып келген азамат бұл цех жайында жақында білген. Базар сүрелеріндегі аяқ киімдердің сапасынан аузы күйіп, табиғи өнімді тұтынуды жөн көріпті.
Өндіріс орны жұмысын 2012 жылы бастады. Алғашқыда 3 адам жұмыс істейтін. Содан бері, өндіріс орны өрісін кеңейтті. Қанатын кеңге жайды. Жұмысшылар саны да артты. Айта кетейік, цех қызметкерлері Италияда арнайы шеберлік сыныбынан өтіп келді. Қазір шетелден алған тәжірибе бойынша жұмысын жалғастырып жатыр.
Аяқ киімге жұмсалатын шикізаттың басым бөлігі де отандық өнімдер. Тек 30 пайызы Ресейден әкелінеді. Жақында өнім өндіретін 2 құрылғы сатып алуда жоспарда бар. Мемлекет тарапынан ғимарат та берілмек. Шығарылған тауардың 70 пайызы өзге аймақтарға жол тартуда. Ендігі меже әлемдік нарық. Сапасы жағынан бәсекеге түсе аларына сенім мол.
ДИДАР Өмірзақова