ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Қазығұрт алмасы апортқа жетеғабыл

12:51, 26 шілде 2017

Қазығұрттың алмасы. Енді биылдан бастап, оңтүстік халқы исі мұрынды жарып, дәмі тіл үйіретін Қазығұрт ауданының алмасынан дәм тататын болады. Аймақтағы «СПК - Бірлік» ЖШС- гінің бауы биыл жеміс бергелі тұр. Жайылым жерді жайқалған бауға айналдырған аудан шаруаларының тіршілігін тілші баяндайды.

Бұл алма бақтың жалпы көлемі - 70 гектар. Бауда барлық жаңа технологиялар қолданылады. Алманы күннен қорғайтын тор Италиядан алдырылған. Көшетті суғару жүйесі - Израйлдің «Аийк» компаниясының өнімі. Ал, мұндағы мамандарға итальяндық ғалым Альберто Доргони жылына бес рет келіп, дәріс беріп тұрады.

Барлық жұмысты жүйелеп алған серіктестіктің өнімі де сапалы. Себебі, алма бақта дәрілеу, суғару жұмыстары стандартталған. Артық дарақтар қырқылып, арам шөбі күйдіріліп тұрады. Осы шаруаларды мүлтіксіз ету үшін мамандардың біліктілігі жетілдіріліп тұрады.

Бұл бақтың орны таудың етегі, су шықпайтын тастақты жайылым болған екен. Көшетті көгерту үшін арнайы 3 мың текше метрлік суқойма қазылған. Оған  жарты шақырым жерден насоспен су айдалады. Канал суын сүзгілеу үшін израйльдік құралдар алынған. 

70 гектар бауды көгертіп, жайқалту үшін 1 млрд. 200 млн. теңге жұмсалған. Бұл жобаны ауыл шаруашылығын қолдау қоры қаржыландырған. Серіктестікте жыл он екі ай 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, науқан кезінде келісімшартпен 100-ге жуық адам жұмысқа тартылады. Бизнес жоспарда бау көлемін ұлғайту көзделген.

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
14:36, 3 мамыр 2018
ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
Толығырақ...
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
16:14, 1 наурыз 2018
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қақты
15:01, 11 тамыз 2017
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...