ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Көңілді тапқырлардың тақырыбы «ЭКСПО»-ға арналды

15:10, 11 сәуір 2017

Ордабасы ауданының жастары «ЭКСПО»-ға дайындықты сан қырынан көрсетуде. Осыдан алдын қолөнершілер мен өнертапқыштар көрмесі ұйымдастырылса, бұл жолы көңілді тапқырлар клуб өздерінің әзілдерін арнады. Сайысқа қатысқан топтар аудан әкімінің кубогін алу үшін шығармашылығын шыңдады

Бұл сайысқа аудандағы ауылдардан іріктелген 7 команда қатысты. Олардың ішінде Шұбарсудың  «Қазақия», Темірланның «Қажымұқан жастары» командалары бірден көзге түсті. Қатысушылардың барлығы - мектеп жасындағы оқушылар.

Еламан Момын – Ұйымдастырушы

Бұл ойынның басқа ойындардан ерекшелігі ең жас деген топтарды ұйымдастырды. Сахнаға енді тәй-тәй басып отырған топтарды қатыстырдық. Негізі командалар жас болғанымен, мінезі бар командалар. Өсетін командалар. Ауданымызда облысқа, республикаға танымал командалар бар. Бірақ бұл жолы олар інілеріне жол берді.

Сәлемдесу, үй тапсырмасы, сұрақ-жауап. Осы негізгі бөлімдерде «жайдарманшылар» өздерінің мықтылығын дәлелдеу керек болды.  Негізгі тақырып  «ЭКСПО» болған соң, әзілдің ішінде осы көрмеге қатысты ұшқыр ой, ұтымды пікір болуы негізге алынды.

Мұрат Сайлыбаев -  Ордабасы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры

Бұл командалар өте белсенді.Өздерінің ойының ұшқырлығымен толық жеткізіп, көзге көрінді. Ішінен 100-ден жүйрік 1000-нан тұлпар шыққандары облыстық сайысқа жолдама алды.

Сайыс қорытындысы бойынша Бөген ауылынан келген «Жас түлек» командасы бас жүлде мен аудан әкімінің кубогін иеленді. Бірінші орынды «Қажымұқан жастары» иеленсе, «Қазақия» командасы екінші орынды місе тұтты.

НҰРМАХАН Кенжехан                                        

 

Тақырып бойынша материалдар

ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
14:36, 3 мамыр 2018
ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
Толығырақ...
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
16:14, 1 наурыз 2018
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қақты
15:01, 11 тамыз 2017
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...