ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Қуатты бизнес - құлпынай өсіру

12:28, 24 мамыр 2017

Өзге аудандар жерін қопсытып, көшетін енді отырғызып жатқан шақта сайрамдықтар өнім алуға кірісті. Көктемнің көк өзегінде аудан дихандары құлпынай саудасын қыздырып тұр. Солардың бірі - Манкент ауыл округіндегі «Зебо-1» шаруа қожалығы.

Шавкат Хакимбаев - жастайынан жер еміп, өскен дихан. Өзіне тиесілі 2 гектар жерден түрлі өнім алуға машықтанған. Қондырған бауы жетілгенше арасына бақша өнімін өсіріп отыр. Әсіресе, құлпынай жемісінің бейнеті ауыр болғанмен, табысы зор. Әр келісін 350 теңгеден алқап басынан сатуда. Алғашқы өнімін Алматы, Астана қалаларына жолдаған.

Құлпынай – айрықша күтімді көп қажет ететін жеміс. Әр атызына бір автокөлік шірінді көң себіліп, алқап үш күнде бір суарылып тұрады. Күн қызып тұрса, үш күн сайын теріледі. Жалпы, Манкентте құлпынай шаруашылығы жақсы жолға қойылған.

Сайрам ауданының жайылым жері аз болғанмен, сүт, ет өндірісі бойынша алдыңғы қатарда.  Еңбекқор дихандар жерінен жылына екі-үш рет өнім алуға машықтанған. Ерінбей тер төккендер тәп-тәуір табысқа кенелуде.

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
14:36, 3 мамыр 2018
ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
Толығырақ...
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
16:14, 1 наурыз 2018
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қақты
15:01, 11 тамыз 2017
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...