
Индустрияландыру игілігі деуге болады. Қазығұртта құрғақ сүт және сары май өндіретін кәсіпорын іске қосылмақ.
«Асыл бастау КZ» - ауданда «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» аясында іске асатын 8 жобаның бірі, бірегейі. Құны 603 млн. теңге болатын сүт зауыты жылына 2 мың тонна ағарған өңдейді. Оның 1500 тоннасы құрғақ сүт, ал, 500 тоннасы сары май болмақ. Кәсіпорын шикізатты жергілікті тұрғындардан алып, ішкі нарықтың әлеуетін көтеруге мүдделі. Іс ілгері басса, кәсіп иесі келешекте тауарлы сүт фермасын ашуды да жоспарлап отыр. Өнім өңдеу кластерлік сипатқа көшкенде Шарапхана, Қазығұрт ауылдарының тұрғындары жұмыспен қамтылады.
Оңтүстіктің ауыл шаруашылығын алға бастырып, өнеркәсібін өркендетін тек /бұл жоба ғана емес. Түркістанда 7,8 млрд. теңгені құрайтын түйе сүтін қайта өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Мұнда тәулігіне 100 тонна түйе сүті қайта өңделмек. Ал, Ордабасыда «Ордабасы-Құс» ЖШС-мен күрке тауық етін өндіруді 25 мың тоннаға ұлғайту бойынша келісімге қол қойылды. Жалпы, мұндай сүйекті жобалардың қатары қазір – 8. Оларға 2,8 млрд. теңге жұмсалады деп күтілуде.
НҰРСҰЛТАН Әбдірашит